AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы кітапханаларынан 300 балаға – 300 кітап

Алматы кітапханаларынан 300 балаға – 300 кітап

Алматы Бүгін 13:04 62
Алматы кітапханаларынан 300 балаға – 300 кітап

Қаладағы №15 гимназияда Білім күні ерекше өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Дәлірек айтсақ, биыл білім ордасына тарыдай болып кірген, 1-сыныпқа қабылданған 300 балдырғанға кітап сыйланды.

Бүлдіршіндерге «Кітап оқитын ұлт» жобасы мен «Кітапханадан сыйлық» акциясы аясында көркем шығармалар тарту идеясын ұсынған – Алматы кітапханалар жүйесі.

А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана меңгерушісі Айнұр Балаубаеваның айтуынша, осынша мол кітап қорының жиналуына «Steppe World», «KitapAl Almaty» ЖК – «KitapAl» баспа дүкені, «Ол-Жас Баспасы» ЖШС, «Kazformoms», «Астана» кітап баспасы, «Ziyat» кітап дүкені және Баян Болатханова, Ділдәр Мамырбаева, Сәуле Досжан, Мирас Кесебаев секілді қаламгерлер үлес қосқан.

«Бұл кітаптардың мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған кішкентай бүлдіршіндеріміздің ең сенімді, рухани досы болатынына сенеміз. Біздің балаларды қуантқымыз келген ұсынысымызды қабыл алған №15 гимназия директоры Зоя Қашқынбайқызына алғыс білдіреміз. Баршамыздың мақсатымыз – өскелең ұрпақты бала кезінен кітап оқу­ға дағдыландыру, халық ара­сында оқу мәдениетін қалып­тас­тыру, түптеп келгенде, бүтін ел болып әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына ену», – дейді Айнұр Мұратқызы.

Осы орайда айта кетсек, «Кітап оқитын ұлт» – Мемлекет басшысының тапсырмасымен дүниеге келген тың жоба. Бұл елімізде тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған зияткерлік-ағартушылық бастама. Мақсаты – кітап оқуды насихаттау, сыни ойлауды дамыту және кітапты білім, шабыт және зияткерлік өсудің негізгі көзі ретінде нығайту.

«Президентіміз «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда орнықтыруымыз керек» деген болатын. Жаңа оқу жылы – жаңа белес, жаңа мақсат, жаңа мүмкіндіктер. Мектеп – тек білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар әр баланың тұлға болып қалыптасуына, өз пікірін еркін білдіруіне және жауапкершілікпен әрекет етуіне мүмкіндік беретін орта. Бізге сыйланған осы кітаптардың кішкентай жүректерге ізгілік, мейірім, адамгершілік дәнін себетіні анық. Алматы кітапханаларына алғысымыз шексіз», – дейді №15 гимназияның кітапханашысы Райхан Мыңжасарова.

Балақайларға сыйға ұсынылған кітаптардың ішінде Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!», Абай Құнанбайұлының «Адамды сүй», Ахмет Байтұрсынұлының «Маса», Джек Лондонның «Ақ азу», Рудольф Эрих Распенің «Мүнхаузен», Ребекка Элиоттың «Мейірім күні» секілді көркем туындылар бар.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» қолдауымен Ақтөбедегі 10 мектепте жаңа инклюзия кабинеттері ашылды

Бүгін 12:30

Жетісу облысында Достық станциясының жаңартылған вокзалы ашылды

Бүгін 12:02

Табиғи монополияларды реттеу комитетінде коммуналдық саланың өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 11:33

Алматылық сарапшы пәтер мен көлік сатып алар кезде алдымен нені ескеру керектігін айтты

Бүгін 11:22

Технологиялық ынтымақтастық қазақ-қытай қарым-қатынасының жаңа кезеңіндегі маңызды бағыттардың біріне айналуы мүмкін – Тоқаев

Бүгін 11:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);