Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы жастары эко-челлендж өткізіп, қала бойынша...

Алматы жастары эко-челлендж өткізіп, қала бойынша мерекелік тур ұйымдастырды

Барлығы 07.08.2025, 11:52 650
Алматы жастары эко-челлендж өткізіп, қала бойынша мерекелік тур ұйымдастырды
Алматы әкімдігі

Алматыда Халықаралық жастар күніне арналған ауқымды ALMA LOVE жастар фестивалі жалғасып жатыр. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының, қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылып, мегаполистің барлық ауданын қамтыды.

Фестиваль аясындағы ең жарқын оқиғалардың бірі – ECO VIBE эко-челленджі мен JasVibe мобильді жобасы болды. Іс-шара жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға, олардың белсенділігін арттыруға және қалада жағымды атмосфера қалыптастыруға бағытталған.

ECO VIBE челленджі аясында 300-ден астам жас ерікті Алматының 100-ге жуық ауласы мен скверлерін тазалауға шықты. Бұл экологиялық науқан қала жастарының басын қосып, Алматыны таза әрі жайлы етуге деген ортақ ұмтылысын көрсетті. Қала көшелерімен эко-дизайнмен безендірілген көлік жүріп өтті. Оның ішінде аниматорлар, блогерлер мен белсенділер болды. Олардың қатарында танымал эко-амбассадор Дулат Нәбиев те бар. Команда интерактивті форматта тұрғындарды сенбілікке атсалысуға шақырып, оны мерекелік іс-шараға айналдырды.

Түстен кейін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, эколог Евгений Мұхамеджановтың бастамасымен эко-фестиваль өтті. Қатысушылар үшін викториналар, шеберлік дәрістері, интерактивті алаңдар және экология мен тұрақты дамуға қатысты еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек бұл жобаның негізгі мақсаты қаланы көркейту жолында жастарды нақты істерге жұмылдыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, ECO VIBE жай ғана акция емес, таза Алматы үшін қозғалысқа айналды.

Сонымен қатар қалада JasVibe жобасы да іске асырылып жатыр. Апта бойы арнайы брендтелген көлік пен Jas Almaty маскоты саябақтар мен скверлерді, қала көшелерін аралап, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Еріктілер алматылықтарды Жастар күнімен құттықтап, жалаушалар, білезіктер, экосөмкелер таратып, Alma Love фестивалінің финалдық концертіне арналған суперфан-аймаққа билет ұтысын ұйымдастырып жатыр.
 
Жастар мұндай бастамаларды қолдауды сөзбен емес, нақты іспен дәлелдеп жүр. Жоба еріктісі Елдар Байғабылов ой бөлісті. Оның айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты қалаға қуаныш сыйлау, тұрғындарды шаһардың қоғамдық өміріне тарту және жастардың энергия, игі істер мен ашық көзқарастың иесі екенін көрсету.

Айта кетейік, Алматыда 3 тамыздан бастап Халықаралық жастар күнін мерекелеу онкүндігі басталған болатын. ALMA LOVE фестивалі 12 тамызға дейін жалғасады. Бағдарламада экоакциялар, спорттық турнирлері, квесттер, көрмелер, Open Mic концерттері, би батлдары және белсенді жастарды марапаттау рәсімдері бар. Фестивальдің шарықтау шегі 12 тамыз күні Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болатын мерекелік концерт болмақ. Кіру – тегін

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #эко #тазалық #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика