Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында нағыз ертегіде...

Алматы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында нағыз ертегідей түрленді

Барлығы 26.12.2025, 10:21 568
Алматы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында нағыз ертегідей түрленді
сурет: Алматы әкімдігінен

Қаланың орталық алаңдары мен саябақтардан бастап шеткі шағынаудандарға дейінгі барлық аумағы безендіріліп, жылылыққа, жайлылық пен қысқы сиқырға толы біртұтас мерекелік орта қалыптасты.

Абай және Астана алаңдары, Арбат, Панфилов көшесі, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ, «Алматы Арена» мен «Атакент» сынды дәстүрлі жаңа жылдық орындар ретінде мерекелік іс-шаралардың негізгі орталығына айналды. Мұнда жәрмеңкелер, концерттер ұйымдастырылып, тұрғындар үшін отбасылық серуендерге қолайлы жағдай жасалды. Биыл мерекелік безендіру ауқымы кеңейіп, әрбір тұрғынға қуаныш сыйлау мақсатында жаңа безендірілген қоғамдық кеңістіктер пайда болды. 

Бұл игі іске қалалық кәсіпкерлік нысандары да қомақты үлес қосты. Сауда орталықтары, дәмханалар, мейрамханалар, қонақ үйлер мен кеңсе ғимараттары қасбеті мен витринасын сәндеп, қаланың жаңа жылдық көркін одан әрі айшықтай түсті. 

Қалалық кеңістіктің көркемдік мазмұнына ерекше мән берілді. Алматының әр түкпірінде ертегі кейіпкерлерінің жарық мүсіндері, 2026 жылдың нышандарымен көмкерілген арт-нысандар, қар ұшқыны, сыйлық, бұғы және жаңа жылдық шар бейнесіндегі сәндік композициялар бой көтерді. Бұл көркем инсталляциялар қала тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті фотосурет түсіру алаңына айналды.

Биылғы мерекелік безендіруде «Таза Қазақстан» тақырыбындағы шағын сәулет нысандары айрықша орын алды. Олар жаңа жылдық сән мен экологиялық идеяны ұштастырып, табиғатқа жанашырлық таныту мен экологиялық жауапкершілік мәдениетін дәріптейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жаңа жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика