конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық: аққол...

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық: аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері дүниеге келді

Алматы 06.06.2026, 11:26 305 Сұлу
Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық: аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері дүниеге келді
Коллаж aqshamnews.kz

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық – бірден бірнеше сирек жануардың төлі дүниеге келді. Жануарлардың белсенді көбею кезеңі аясында аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлар ұрпақ өрбітті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ерекше назар аударарлығы, сақиналы құйрықты лемурлардың екі жұбы да егізден төлдеген. Алғашқы егіздер 6 наурызда, екінші жұптың төлдері 17 наурызда туған. Қазір олардың барлығы мамандардың жіті бақылауында болып, ата-аналарымен бірге қалыпты өсіп-жетілуде.

Сондай-ақ, 6 наурыз аққол гиббонның төлі дүниеге келді. Бұл төл хайуанаттар бағында бірнеше буын бойы жалғасып келе жатқан әулеттік желінің жалғасы саналады. Оның әкесі Джим де, әжесі Джулия да осы хайуанаттар бағында туған. Ал оның арғы атасы Табинді хайуанаттар бағының тұрақты келушілері жақсы таниды.

Мамандардың айтуынша, аналықтар мен олардың төлдерінің жағдайы жақсы. Күннің жылынуына байланысты жануарлар жазғы қоршауларға шығарыла бастады. Енді келушілер олардың табиғи ортаға барынша жақын жағдайдағы тіршілігі мен мінез-құлқын тамашалай алады.

Төлдердің дүниеге келуі – хайуанаттар бағы үшін маңызды оқиға. Бұл жануарларды күтіп-бағу және көбейту үшін жасалған қолайлы жағдайдың нәтижесі.

«Аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурларда төлдің дүниеге келуі осы түрлердің генетикалық әртүрлілігін сақтауға ықпал етеді әрі келушілердің жабайы табиғатты қорғау мәселесіне қызығушылығын арттырады», – деді Алматы хайуанаттар бағы приматтар бөлімінің жетекшісі Шолпан Әбдібекова.

Алматы хайуанаттар бағы қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа кішкентай тұрғындармен танысып, олардың алғашқы қадамына куә болуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Хайуанаттар бағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында заңсыз салынған тағы бір нысан сүріліп жатыр

Бүгін 13:02

Алматы әкімі қаланың шағын өнеркәсіптік парктерінің жұмысын бағамдады

Бүгін 12:29

Алматы облысындағы перзентханада үшем шетінеп кетті

Бүгін 10:44

Өз қаражатына балалар алаңын салған кәсіпкер 2 миллионнан аса теңге төлеуге міндеттелді

Бүгін 10:17

Алматының тау шаңғысы инфрақұрылымы бес есе кеңейеді

Бүгін 09:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);