AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға...

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Алматы Бүгін 12:12 43 yakiya
Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әлемдегі ең ірі ақпараттық медиаресурстардың бірі Euronews телеарнасының Modern Nomads халықаралық бағдарламасының жаңа шығарылымына арқау болды. Арнаның Еуропа мен әлем бойынша миллиондаған аудиториясы бар. Қазақстандағы Euronews бюросы бір жылдан астам уақыт бойы ел мен Орталық Азиядағы маңызды оқиғаларды жариялап, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін халықаралық аудиторияға насихаттап келеді.

Бағдарламаның жаңа шығарылымы Қазақстанның ең ірі мегаполисі Алматыға арналды. Қала табиғаты, қалалық мәдениеті мен белсенді өмір салты үйлескен заманауи туристік орталық ретінде көрсетілді. Бағдарлама Euronews телеарнасында эфирге шығып, арнаның цифрлық платформаларында да жарияланды.

Эпизод аясында көрермендер Алматының танымал туристік орындарымен танысты. Солардың бірі Іле Алатауы баурайындағы әйгілі «Денсаулық баспалдағы». Алматы мен тау көрінісін тамашалауға мүмкіндік беретін бұл бағыт қала тұрғындары мен туристер арасында кеңінен танымал. Бағдарлама авторлары 842 баспалдақтан тұратын маршруттың Алматының outdoor-мәдениетінің символына айналғанын атап өтті.

Сондай-ақ, шығарылымға Көктөбе, Көк базар, Алматы заманауи өнер музейі және қаланың рухын, гастрономиясы мен мәдени әралуандығын айқындайтын танымал арт-нысандар енді. Авторлар шаһардың табиғи ландшафтары, заманауи қалалық ортасы мен бай мәдени мұрасының үйлесіміне ерекше назар аударған.

Алматы туралы бағдарламаның Euronews платформасында жариялануы халықаралық медианың қалаға деген қызығушылығы артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеп, Алматының туристік әлеуетін еуропалық аудитория арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);