Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы емханаларында стоматологиялық көмек қалай к...

Алматы емханаларында стоматологиялық көмек қалай көрсетіледі?

Медицина 20.01.2023, 12:03 1,852
Алматы емханаларында стоматологиялық көмек қалай көрсетіледі?
almaty-akshamy.kz

№11 қалалық емхананың бас дәрігері Майра Жүнісова Алматы емханаларында стоматологиялық көмекті кімге және қалай алуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Оның айтуынша, 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер емханада МӘМС пакетінде жоспарлы түрде тегін стоматологиялық қызметтерді ала алады. Олар үшін анестезия, жақтың немесе тістің рентгенографиясы, тісті жұлу, препараттау және пломба салу, периостотомия, пульпит, периодонтит, стоматиттің, альвеолиттің өткір түрлерін емдеу, абсцессті ашу сияқты қызметтері көрсетіледі.


МӘМС пакетінде шұғыл стоматологиялық қызметтерді алуға болады. Оны 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, I, II, III топтағы мүгедектер, "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық және әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын және ерекше қажеттіліктері бар балаға немесе I топтағы мүгедек балаға күтім жасайтындар, жұмыс істемейтін қазақстандықтар талап ете алады.



"Мысалы, біздің емханада тілдің френулумы пластикасы, жоғарғы және төменгі еріннің френулумын бекіту аномалиясы, тістерді жұлу, өткір тістерді, ашу жақ-бет аймағының өткір, іріңді қабыну ауруларын ашу сияқты хирургиялық стоматологиялық араласулар жергілікті анестезиямен жүргізіледі. Осы іс-шаралардың барлығын өткізу үшін бізде тұтас стоматологиялық бөлімше бар, онда 15-ке жуық маман жұмыс істейді әрі бөлімше барлық қажетті қымбат құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Маманға бару үшін емхананың қабылдау бөліміне хабарласып, қабылдауға жазылу керек", - деп атап өтті Майра Жүнісова.



Естеріңізге сала кетейік, емхана МӘМС аясында халыққа  медициналық қызмет көрсету орталығы болып саналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #емхана #Стомотология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty Half Marathon: 19 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады

Бүгін 14:54

Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады

Бүгін 14:14

Almaty Half Marathon жарысына 44 елден 10 мыңнан астам адам қатысады

Бүгін 13:10

Алматы орман өртінің алдын алуға кірісті

Бүгін 12:27

Іле-Алатауы ұлттық паркі де өрт қаупі артатын маусымға даярлықты күшейтті

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика