AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алматы донорлары күн сайын шамамен 120 адамның өмі...

Алматы донорлары күн сайын шамамен 120 адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі

Мұны білген жөн Бүгін 14:10 42 yakiya
Алматы донорлары күн сайын шамамен 120 адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі

Қалалық қан орталығы 28 аурухана, перзентхана және әскери медицина мекемелерін қан компоненттерімен қамтамасыз етеді., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда күн сайын 110-нан 120-ға дейін қан құйылады. Жыл сайын шамамен 20 мың адам қан тапсырады. Соның арқасында науқастарға 38 мыңға жуық доза қан компоненттері құйылады.

Қан қорының көлемі, донорларға қойылатын талаптар және инфекциялық қауіпсіздік шаралары туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Іс-шара 14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күніне орай ұйымдастырылды.

Алматы қалалық Қан орталығының донорларды жасақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Әбдіқадыровтың айтуынша, орталыққа барлық қан тобының донорлары қажет. Алматы тұрғындарының шамамен 30 пайызы бірінші, екінші және үшінші қан топтарына жатса, төртінші қан тобының үлесі 10 пайызды құрайды.

«Жыл сайын 19-20 мыңға жуық адам қан тапсырады. Соның арқасында науқастарға 37-38 мың доза қан компоненттері құйылады. Қауіпсіз әрі сапалы қан дайындау үшін Қан орталығында заманауи жабдықтар қолданылады. Қан компоненттері арнайы тексеруден өткізіліп, лейкоциттерден тазартылады және вирустардан залалсыздандырылады. Қан алу кезінде тек бір реттік медициналық құралдар пайдаланылады, сондықтан донор үшін инфекция жұқтыру қаупі жоқ. Әрбір тапсырылған қан бірнеше кезеңнен тұратын мұқият тексеруден өтеді», – деді Нұрдәулет Әбдіқадыров.

Донор болу үшін адамның жасы 18-ден асқан, бойы кемінде 150 сантиметр, салмағы 50 келіден жоғары болуы және медициналық қарсы көрсетілімдері болмауы қажет.

Созылмалы аурулардың кейбір түрлерімен ауыратындар, В және С вирусты гепатиттерін, АИТВ-инфекциясын, туберкулезді және өзге де бірқатар ауруларды өткерген азаматтар қан тапсыра алмайды. Сонымен қатар операциядан, тіс жұлдырғаннан, татуаждан, пирсингтен немесе вакцина алғаннан кейін белгілі бір мерзімге донорлыққа уақытша шектеу қойылады.

Қан тапсырар алдында әрбір үміткер 30-дан астам сұрақтан тұратын сауалнаманы толтырады. Кейін медициналық тексеруден және зертханалық зерттеуден өтеді. Мамандар қан тобын, резус-факторын анықтап, жалпы қан талдауын жүргізеді, сондай-ақ АИТВ, В және С гепатиттері мен мерезге тексереді. Зерттеу нәтижелерін келесі күні тіркеу бөлімі арқылы немесе қан орталығының сайтындағы жеке кабинеттен алуға болады.

Алматы қалалық Қан орталығының қан дайындау бөлімінің меңгерушісі Әсел Керейбаева донорлық қанның медицина үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.

«Қан құю қан ауруларына шалдыққан науқастардың, онкологиялық дертпен күресіп жүрген жандардың, жатырдан қан кетуі бар әйелдердің және жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Ғылым мен технология қарқынды дамығанымен, жасанды қан әлі күнге дейін жасалған жоқ. Сондықтан қан компоненттерінің жеткілікті қорын қалыптастыру денсаулық сақтау жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді. Алматы клиникаларында күн сайын 120-ға дейін гемотрансфузия рәсімі жүргізіледі», – деді Әсел Керейбаева.

Қан орталығы мамандары донорлар өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат алып келуге тиіс екенін еске салды. Қазақстан азаматтары үшін бұл – жеке куәлік, паспорт немесе тұру ықтиярхаты. Ал шетел азаматтары шетелдік паспорт пен Қазақстан Республикасының ЖСН-і болған жағдайда донор бола алады.

Брифинг барысында тұрақты донор Дмитрий Федосеев те өз тәжірибесін бөлісті. Ол 2023 жылдан бері қан компоненттерін тұрақты түрде тапсырып келеді.

«Ұзақ уақыт бойы донор болғым келді, бірақ денсаулығыма байланысты рұқсат берілмеді. Кейін талаптардың өзгергенін естіп, қан орталығына келдім. Мамандар қан тапсыруға болатынын айтты. Содан бері тұрақты түрде донор болып келемін. Донорлық – маңызды әрі пайдалы іс. Донорлар көбейген сайын, құтқарылатын адамдар саны да арта түседі», – деді Дмитрий Федосеев.

Мамандардың айтуынша, қан қорының тұрақты толықтырылуы қала тұрғындарының белсенділігіне байланысты. Алматыдағы медициналық ұйымдардың донорлық қанға деген сұранысы жоғары. Ал әрбір донация бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#донор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы ТЖД туристерді тауға шығар алдында маршруттарын тіркеуге шақырды

Бүгін 15:09

Алматыдағы жаңа экологиялық талаптар туралы не білуіміз керек?

Бүгін 15:02

Туристік маусым - 2026: Алматыдағы танымал демалыс орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Бүгін 14:37

Алматыда Балаларды қорғау күні аясындағы іс-шаралар жалғасуда

Бүгін 14:25

Сахна сыртындағы құпия мен премьерадағы аншлаг: Cirque du Soleil-дің OVO шоуы Алматыдағы гастролін қалай бастады?

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);