Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы демалыс күндері: Ethno-world фестивалі, дро...

Алматы демалыс күндері: Ethno-world фестивалі, дрон шоуы және AY YOLA

Барлығы 07.06.2025, 16:08 867
Алматы демалыс күндері: Ethno-world фестивалі, дрон шоуы және AY YOLA
сурет: Алматы әкімдігі

7 және 8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының имидждік мәдени жобаларының біріне айналған бұл фестиваль тағы да мыңдаған көрерменді жинап, дәстүр мен заманауи музыканы, ұлттық тамыр мен жаһандық трендтерді біріктіреді. Биыл сахнада Қазақстаннан, Италиядан, Колумбиядан, Оңтүстік Кореядан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Башқұртстаннан келген танымал музыканттар өнер көрсетеді. Қонақтарды қолөнер жәрмеңкесі, түрлі халықтардың этникалық тағамдары және асық ату жарыстары күтеді. 8 маусым күні AY YOLA және OTYKEN фестивальдің басты хедлайнерлері болады. Артистердің нақты өнер көрсету бағдарламасын фестивальдің ресми аккаунттарынан көруге болады.

Сонымен қатар, 8 маусым күні The Spirit of Tengri фестивалінің концерттік бөлігінен кейін, Абай алаңында Республика Сарайының алдында үлкен дрон шоу өтеді. Жарық шоуы сағат 22:00-де басталады.

Көрермендерді түнгі аспанда Ұлы дала мәдениеті, түркі халықтарының мифтері мен заманауи мегаполис атмосферасынан шабыттанған бейнелерді жасайтын жүздеген дронның таңғажайып көрінісі күтеді. Бұл жоғары технология мен терең символиканың үйлесімі, түп-тамыр, сабақтастық пен даму жайлы көркем визуалды поэма.

Аспанды отбасы құндылықтарының символы ретінде шанырақ, қобыз ұстаған Қорқыт, кітап ұстаған Абай мен домбыра ұстап тұрған Құрманғазы бейнелері жарқыратады. Сондай-ақ, қалықтаған бүркітпен бірге көтерілген күн, «Алматы, сені жақсы көремін» деген жазуы бар жүрек және басқа да бейнелер пайда болады.

Бұл жарық шоуына кез келген адам қатыса алады – кіру тегін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10

Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

Бүгін 12:05

Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

Бүгін 11:54

Алматыдан 273 шақырым қашықта жер сілкінді

Бүгін 11:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика