ffin.kz

Алматы дәрігерлері балаларда жиі кездесетін аурулар туралы айтып берді

Алматы дәрігерлері балаларда жиі кездесетін аурулар туралы айтып берді Сурет: Mosregtoday.ru

Тіс аурулары жиі кездеседі. 


Жас балаларда кең таралған денсаулық мәселесіне нефрологиялық және стоматологиялық аурулар жатады. Олардың себептері мен алдын алу туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті Жоғары медицина мектебінің клиникалық мамандықтар кафедрасының профессоры Клара Шалабаева және қаланың штаттан тыс бас балалар нефрологы, №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының нефрология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Алпысбаева айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Клара Шалабаеваның айтуынша, балаларда тіс аурулары жиі кездеседі. 



«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының критерийлері бойынша, біздің республикада әртүрлі жас топтарындағы балаларда кариестің таралуы орташа есеппен 70-85 пайызды құрайды, ал қарқындылығы бойынша біздің балаларда кариестің декомпенсацияланған түрі жиі кездеседі», - деді Клара Шалабаева. 



Балалардың стоматологиялық денсаулығының бұндай жағдайының себебі – жүктіліктің патологиялық ағымы, әйелдің денсаулығы, жүктілік кезіндегі теңгерімсіз тамақтану, өмірдің бірінші жылындағы баланың ауруы, кіші және мектеп жасындағы диетадағы көмірсулардың артық болуы, ауыз қуысы гигиенасының сақталмауы. 


Сондай-ақ спикер тіс ауруларының алғашқы профилактикасы бағдарламасының жоқтығы, мектеп жасындағы балаларға жоспарлы түрде ауыз қуысын сауықтыру, жалпы білім беретін мектептердегі стационарлық стоматологиялық кабинеттердің жабылуы сияқты маңызды әлеуметтік факторлар тіс денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтыратынын атап өтті.  Республикадағы стоматологиялық мекемелердің 80%-дан астамының жеке меншікке өтуі стоматологиялық көмекті балалар мен жасөспірімдерге қолжетімсіз етті. Стоматологиялық қызметтердің (пломбалардың) жоғары бағасы ата-анасының материалдық жағдайы төмен ауылды жерлерде тұратын көпбалалы отбасы балаларының ауыз қуысын жақсарту мүмкіндігінен айырды. 



«Ауыз қуысының жағдайы жалпы денсаулықтың көрсеткіші болып табылады.  Ал тіс ауруын азайтпай, дені сау бала өсіру мүмкін емес», - деді КлараШалабаева. 



 №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының нефрология бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Алпысбаева бүгінде балалар арасында нефрологиялық аурулардың жиі кездесетінін атап өтті. Оның айтуынша, қыздар мен ұлдардағы аурудың 80-85%-ы – зәр шығару жолдарының инфекциясы. 


Спикер барлық ата-аналарға балаларда себепсіз температура, дизурия пайда болған кезде ауырсынумен, ісінумен жиі зәр шығару немесе бала аз зәр шығара бастаған жағдайда міндетті түрде жалпы зәр анализін өткізіп, учаскелік дәрігерге немесе нефрологқа жүгінуді ұсынды. 



«Бұл аурулардың көбін өздігінен жоюға болатынын атап өткім келеді. Алдын алудың бірнеше жолы бар: балаларға суды көп ішу, қыздарды дұрыс жуу, дұрыс зәр шығару және іш қатудың алдын алу», - дейді Сәуле Алпысбаева.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04