AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Almaty Circus Festival-дің Бас жүлдесін өзбекстанд...

Almaty Circus Festival-дің Бас жүлдесін өзбекстандық даршылар жеңіп алды

Мәдени Алматы 29.07.2024, 10:19 1,069 Bakyt
Almaty Circus Festival-дің Бас жүлдесін өзбекстандық даршылар жеңіп алды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Кристина Воробьева жетекшілік ететін Өзбекстанның «Үшінші тыныс» даршылар командасы II Халықаралық цирк өнер фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды. «Үшінші тыныс» нөмірі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, көрермен көзайымына айналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өзбекстандық цирк артистері тек Бас жүлдені ғана емес, сонымен қатар «Armoni Organizasyon» бас директоры Ахмет Экщи (Түркия) мен Қазақ мемлекеттік циркінің ардагерлерінен арнайы сыйлықтар алды. Сонымен қатар, олар Санкт-Петербургте өтетін «Без границ» Халықаралық цирк өнер фестиваліне шақырту алды.

«Өнер адамы үшін фестиваль – ең керемет сәттің бірі. Бұл жаңа таныстықтың бастауы. Фестиваль керемет ұйымдастырылған. Басшылық барлығын жоғары деңгейде жасады. Бүкіл ұжымның атынан Алматы циркі табыс тілеймін және алдағы уақытта да серіктестігіміз арта түседі деп ойлаймын», - деді даршылардың Sky Angels командасының жетекшісі Кристина Воробьева.

Сайқымазақ Дэвис Вассалло Алматы қаласы әкімдігінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Оның күлкілі нөмірлері көрермендердің қызығушылығын тудырды. Бұл ретте итальяндық артистің өзі интерактивті қойылымдарына көрермендерді барынша тартуға тырысты.

Алтын жүлде:

  • Мария Терентьева (Ресей) – «Күнге қарау» нөмірі.
  • Светлана Михнюк пен Алина Габбасова (Ресей) – әуе сақинасы «Дуо Антресол».
  • Вонг Мэнчэн (Қытай) – эквилибрист.

Күміс жүлде:

  • Марина Стародубова мен Даяна Жетпісова (Қазақстан) – «Жаңбырда ұшу» нөмірі. Сонымен қатар, олар Түркия мен Грузиядан келген қазылар алқасының арнайы сыйлығын және Италияда өтетін Халықаралық цирк өнер фестиваліне шақырту алды.
  • «Қара бүркіттер» (Эфиопия) – үйретілген иттерімен өнер көрсеткен.
  • Евгений Комисаренко (Ресей) – үйретілген иттерімен өнер көрсеткен.

Қола жүлде:

  • Кимберли Дзаватта (Италия) – әуе гимнастшысы.
  • Роман Кронжко мен Ангелина Прохорова (Украина) – белдіктегі әуе дуэті.
  • Джоан Годиньо (Португалия) – трапеция гимнастшысы.

Астана қаласының «Астаналық циркінен» Нұрым Күленбаев жетекшілік ететін «Virtuoso» жонглерлер тобы Қытай ұлттық акробатикалық труппасының арнайы жүлдесіне ие болды.

Қазақ мемлекеттік циркіндегі фестиваль бағдарламасы 25 тамызға дейін жалғасады. Бұл іс-шара цирк өнерінің түрлі салаларын көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Цирк #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);