AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Almaty Children’s Science Museum Швециядағы Ecsite...

Almaty Children’s Science Museum Швециядағы Ecsite 2026 конференциясында халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Әлем Бүгін 14:41 46 yakiya
Almaty Children’s Science Museum Швециядағы Ecsite 2026 конференциясында халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Almaty Children’s Science Museum Швециядағы Ecsite 2026 конференциясында халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Майра Тұрғанова бастаған Almaty Children’s Science Museum делегациясы Еуропалық ғылыми орталықтар мен музейлер желісінің ең ірі кәсіби іс-шарасы — Ecsite 2026 халықаралық конференциясына қатысты.

Орталық Азиядағы алғашқы әлемдік деңгейдегі балалар ғылым музейінің Ecsite конференциясына қатысуы музейдің ашылу жылында жүзеге асып отыр және Қазақстанның ғылыми орталықтар, музейлер және жаңа буын білім беру ұйымдарының жаһандық кәсіби қауымдастығына интеграциялануындағы маңызды кезең саналады.

Almaty Children’s Science Museum Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен болашаққа бағытталған стратегиялық мәдени-білім беру инфрақұрылымы ретінде құрылып жатыр. Жоба ғылыми ойлауды, STEM-білім беруді, балалардың танымдық қызығушылығын дамытып, еліміздің жаңа буын зерттеушілерін, инженерлерін, ғалымдарын және технологиялық көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған.

Музейдің миссиясын бір сөйлеммен сипаттайтын болсақ: бұл балалардың ойлауға, зерттеуге, сұрақ қоюға және білім арқылы өз елінің болашағын өзгертуге үйренетін орта қалыптастыру.

Әрбір бала дүниеге білсем, зерттесем деп келеді. Біздің міндетіміз — осы табиғи қызығушылықты сақтап, дамытып, оны жаңалық ашуға, ғылыми ойлауға және шығармашылық ұмтылысқа айналдыру.

Ecsite 2026 аясында музей делегациясы әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші халықаралық ғылыми орталықтар мен музейлердің өкілдерімен, соның ішінде Ұлыбритания, Нидерланд, Швеция, АҚШ, Израиль, Польша, Германия, Аустрия, Сингапур және басқа да елдердің өкілдерімен бірқатар стратегиялық кездесу өткізді. Кездесулер барысында музейлік тәжірибенің жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударылды: аудиторияны тереңірек түсіну үшін деректерді пайдалану, келушілердің мінез-құлқын цифрлық талдау, интерактивті форматтарды дамыту, білім беру контентін жекелендіру және ғылыми коммуникацияда жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері талқыланды. Бұл бағыттар Almaty Science Center үшін STEM-білім берудің, ғылымды дәріптеудің және балалар мен жастардың цифрлық мәдениетін қалыптастырудың болашақ орталығы ретінде стратегиялық маңызға ие.

«Біз жай ғана музей құрып жатқан жоқпыз. Біз Қазақстанның жаңа буын зерттеушілері, инженерлері, ғалымдары мен жаңашылдары қалыптасатын кеңістік құрып жатырмыз. Балалардың қызығушылығына салынған бүгінгі инвестиция - ертеңгі интеллектуалды капитал мен елдің бәсекеге қабілеттілігіне салынған инвестиция», — деді Almaty Children’s Science Museum жобасын құру бойынша жетекшісі Майра Тұрғанова.

Музей тек Алматы қаласының жобасы ретінде емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы балалар мен жастарға арналған ғылыми білім беру және ғылымды дәріптеу саласының болашақ өңірлік орталығы ретінде құрылуда.

Анықтама:

Ecsite — ғылым, білім беру, музей ісі және қоғамның ғылымға қатысуын дамыту саласындағы жетекші ұйымдар мен мамандарды біріктіретін Еуропалық ғылыми орталықтар мен музейлер желісі. Ecsite жыл сайынғы конференциясы тәжірибе алмасу, серіктестіктерді дамыту және ғылыми орталықтар мен музейлердің болашағын талқылауға арналған ең ірі халықаралық алаңдардың бірі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Ғабдуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:09

Алматы цифрлық технологиялардың арқасында қауіпсіз әрі жайлы қалаға айналып келеді

Бүгін 16:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);