AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы балабақшаларында балаларға өз қауіпсіздігін...

Алматы балабақшаларында балаларға өз қауіпсіздігін қорғау үйретілуде

Алматы 01.09.2026, 19:02 226
Алматы балабақшаларында балаларға өз қауіпсіздігін қорғау үйретілуде

Алмалы ауданында мектепке дейінгі жастағы балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздігіне арналған педагогтерге арналған практикалық семинар өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан мегаполис үшін балалардың қауіпсіздігі мәселесі айрықша маңызға ие. Соның бір дәлелі – Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты КМҚК «№3 бөбекжай-балабақшасы» базасында өткен «Мектепке дейінгі жастағы балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздігі» тақырыбындағы аудандық семинар. Жиын барысында педагогтер мен сала мамандары төтенше жағдай кезінде ең басты құндылық – бүлдіршіндердің өмірі мен денсаулығын қалай сақтап қалуға болатынын талқылады. Мұндай сәтте әр секундтың маңызы зор.

Тәрбиешілер төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмдерімен бөлісіп, оларды іс жүзінде пысықтады. Семинарда жер сілкінісі мен өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы баяндамалар ұсынылып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ штаттан тыс және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздікті кешенді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Қонақтардың ерекше қызығушылығын семинардың практикалық бөлімі тудырды. «Айгөлек» тобының тәрбиеленушілері мен педагогтері халық ертегісі «Үйшік» желісі негізінде заманауи қойылым ұсынды. Балаларға таныс кейіпкерлер арқылы бүлдіршіндер қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын көрнекі түрде көрсетті. Бағдарлама «Көңілді оркестр» музыкалық ойынымен және «Дұрыс-бұрыс» интерактивті тапсырмасымен жалғасты. Кездесудің қорытынды бөлімінде тұрмыстағы қауіпсіздік ережелеріне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

№3 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Акерке Белғожаева қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда жүйелі тәсілдің маңыздылығына тоқталды.

«Қауіпсіздік ережелерін білу, ең алдымен, төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға күш береді. Біздің басты мақсатымыз – төтенше жағдай кезінде балаларды жай ғана қауіпсіз жерге орналастыру емес, балалар мен ересектерді кез келген жағдайда саналы әрі жедел әрекет етуге үйрету. Мегаполис жағдайында, әсіресе Алматы үшін, бұл – өмірлік қажеттілік. Сондықтан біз қауіпсіздік сабақтарын балалар үшін маңызды әрі қызықты ойынға айналдыру мақсатында интерактивті әдістерді кеңінен енгізіп келеміз».

Айта кету керек, бүгінде Алматыда балаларды қауіпсіздік ережелеріне үйрету ісі жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұған дейін қалалық Төтенше жағдайлар департаменті білім беру ұйымдарының басшылары нұсқаулықтарды біліп қана қоймай, жер сілкінісі немесе өрт қаупі төнген жағдайда педагогтер мен балалардың қауіпсіздігін сауатты ұйымдастыра білуі қажет екенін атап өткен болатын.

Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын бала кезден қалыптастыру – кез келген сын-қатерлі жағдайда дұрыс әрекет етуге негіз қалайды.

Семинарға 16 педагог қатысты. Кездесу соңында қатысушылар өзекті бастамаларды талқылап, №3 бөбекжай-балабақшасының ұжымына іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, құнды әдістемелік материалдар ұсынғаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар әріптестеріне жаңа оқу жылында шығармашылық табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);