Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақта...

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Алматы құшағында Бүгін 17:52 27
Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Алматыда Қазақстан тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі — Халықаралық әуежайды жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. 2050 жылға дейін есептелген Horizon жобасы аясында әуежайдың келбеті түбегейлі жаңарып, терминалдар жаңғыртылады, жолаушылар қабылдау әлеуеті артып, заманауи сервистер енгізіледі. Соның нәтижесінде Алматы әуежайын өңірдегі жетекші авиациялық хабтардың біріне айналдыру көзделіп отыр.

Жоба аясында ішкі рейстер терминалының өткізу қабілеті жылына 3 млн-нан 7 млн жолаушыға дейін ұлғаяды. Сонымен қатар, 1500 орындық жабық көпдеңгейлі автотұрақ салынып жатыр, такси аймағы ретке келтіріліп, іргелес аумақ көркейтіледі. Жоба бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады. Негізгі мақсат — әуежайды инфрақұрылымы дамыған, қызмет көрсету деңгейі жоғары, заманауи еуразиялық авиациялық хабқа айналдыру.

Олжас Смағұловтың айтуынша, қазіргі таңда негізгі жұмыстар 2028 жылға дейін жоспарланған бірінші кезең аясында жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі — 362 млн АҚШ доллары.

«Қазіргі уақытта терминал аймақтары жаңартылды, терминалдар мен автотұрақ арасындағы жүргіншілер өткелі салынды, ішкі CIP-терминал іске қосылды, сондай-ақ іргелес аумақ көркейтілді. Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен қолайлылық деңгейін едәуір арттырды», — деді ол.

Бірінші кезең аясында бірқатар маңызды нысандар мен жүйелер жаңартылып жатыр. Атап айтқанда, ішкі рейстер терминалын толық қайта жаңғырту 2026 жылғы 11 шілдеде аяқталады. Жүк қабылдау және сұрыптау жүйесінің мүмкіндігі екі есеге артады, ұшақтардың жүруіне арналған жаңа жолақтар салынады, заманауи мұзға қарсы өңдеу алаңы құрылады, әуе кемелеріне арналған инфрақұрылым жаңартылады.

«Бұған қоса, әуежайдың жаңа деңгейде жұмыс істеуін және халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету үшін өндірістік, қоймалық және әкімшілік нысандар да салынып жатыр», — деді әкімнің орынбасары.

Әуежай маңындағы қызмет көрсету инфрақұрылымы да кезең-кезеңімен дамиды. 2027-2028 жылдары транзиттік жолаушылар мен экипаждарға арналған жаңа қонақ үй кешені салынады, заманауи көлік және автотұрақ жүйесін қалыптастыру жоспарланған.

«Жаңа көпдеңгейлі автотұрақ жобасы тұрақ орындарының жалпы санын 2275-ке дейін жеткізеді. Бұл жолаушылар үшін қолайлылық пен қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырады», — деді Олжас Смағұлов.

Авиациялық жаңғыртумен қатар, Алматыда цифрлық инфрақұрылым жобалары да жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі «Алатау» инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында Freedom Data Centers компаниясының заманауи деректерді өңдеу орталығын салу жобасы.

«Бұл нысан сенімділік пен энергия тиімділігінің халықаралық стандарттарына сай болады. Орталық үлкен көлемдегі деректерді қауіпсіз сақтауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Бірінші және екінші кезең аяқталған соң мұнда 480 серверлік тірек орнатылып, 130 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл Алматының өңірлік IT-хаб ретіндегі орнын күшейтеді», — деді ол.

Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұл ретте негізгі басымдық өткізу қабілетін арттыруға, қауіпсіздікті күшейтуге, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға беріліп отыр. Бұл өз кезегінде Алматы әуежайын жетекші халықаралық авиациялық хаб деңгейіне кезең-кезеңімен шығару жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44

Алматының 2026-2028 жылдарға арналған ірі жобалары: IT, автокөлік өндірісі және фармацевтика

Бүгін 17:40

Алматыдағы индустриялық аймақтардың толымдылық деңгейі 90%-дан асты — Олжас Смағұлов

Бүгін 17:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика