Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Алматы» ӘКК Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Жаһандық шар...

«Алматы» ӘКК Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Жаһандық шартының көп елдік желісі кеңсесінің ашылуына қатысты

Барлығы 19.06.2025, 11:48 656
«Алматы» ӘКК Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Жаһандық шартының көп елдік желісі кеңсесінің ашылуына қатысты
gov.kz

2025 жылғы 18 маусымда Алматы қаласындағы UN Plaza-да Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Жаһандық шартының көп елдік желісі кеңсесінің ресми ашылуы өтті.

Кеңсе бизнес, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғамның орнықты даму саласындағы өзара әрекеттестігін үйлестіру платформасына айналады. Жаңа алаң өңір елдерінде БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған. Кеңсе қызметі ОДМ-ды корпоративтік стратегиялар мен операциялық процестерге интеграциялауда компанияларға қолдау көрсету, сондай-ақ БҰҰ-ның Жаһандық шартының он қағидатын ілгерілетуді қамтитын болады.

Кеңсе қызметі бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл, орнықты даму саласындағы компаниялардың әлеуетін дамыту, семинарлар мен конференциялар өткізу, сондай-ақ ақпараттық және әдіснамалық қолдау көрсету сияқты бағыттарды қамтиды.

Өз кезегінде, «Алматы» ӘКК 2023 жылы БҰҰ Жаһандық шартына қосылған Қазақстанның алғашқы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болды. Корпорация БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы күн тәртібінің құндылықтарын қолайды, барлық 17 ОДМ маңыздылығын мойындайды және оларға қол жеткізуге үлес қосады.

«Алматы» ӘКК өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, Орнықты дамудың алты басым мақсатын айқындады, корпорация оларға қол жеткізуге барынша үлес қосады: аштықты жою; жақсы денсаулық пен әл-ауқат; сапалы білім беру; лайықты жұмыс және экономикалық өсу; индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым; орнықты қалалар мен елді мекендер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #БҰҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтардың зәресін алған қыздар елден шығарылды

Бүгін 10:14

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:11

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика