AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Үлкен Алматы шатқалындағы жобалардың...

Алматы әкімі Үлкен Алматы шатқалындағы жобалардың жүзеге асу барысымен танысты

Барлығы 20.06.2025, 10:40 877
Алматы әкімі Үлкен Алматы шатқалындағы жобалардың жүзеге асу барысымен танысты
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Үлкен Алматы шатқалында туристік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Жұмыс сапары аясында қала басшысы көпшілікке танымал туристік соқпақтардың бірі – «Алма-Арасан» радон бұлағына баратын маршрутты жаңғырту барысын тексерді. Дархан Сатыбалды тау баурайын нығайту, көпірлерді қайта жаңарту, қауіпсіз жабындыларды төсеу, баспалдақтар мен бақылау алаңдарын орнату жөніндегі жұмыстармен танысты. Жартастардан тас құлау қаупін азайту және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заманауи шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

«Біз Алматы-Арасанға баратын жолды жаңартып, оны қолжетімді, қауіпсіз етіп жатырмыз. Тас құлаған жерлердегі жартастарды нығайтып, өткелдерді жаңартып, экосоқпақтар мен коррозияға қарсы құрылымдар орнатып, шатқал атауына сілтеме жасайтын навигациялық белгілерді орнатамыз. Жұмыс 12 мамырда басталды, шілде айының ортасында аяқталады», - деді туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.  

Сапар барысында BI Group компаниясы жүзеге асырып жатқан «Бақыт соқпағы 2025 жыл» жобасының үшінші кезеңі таныстырылды. Жоба аясында таулы аймақтардағы жаңа бағыттар көркейтіліп, демалысқа арналған күркелер, навигациялық ақпараттық тақталар, санитарлық тораптар мен шолу алаңдары орнатылады. Сондай-ақ компания халықаралық стандарттарға сай су мен электр қуатын қажет етпейтін экодәретханалар орнатуды жоспарлап отыр.

Нысандарды аралау «Аюсай» визит орталығында жалғасты. Бұл орталық экологиялық құрылыс қағидалары негізінде салынған. Мұнда әкімге Үлкен Алматы көліне апаратын автожолды жөндеу жоспары және негізгі туристік нысандарға көлікпен қолжетімділікті арттыру жөніндегі тұжырымдама таныстырылды.

Сапар соңында Дархан Сатыбалды туристік маршруттардың барынша қауіпсіз болуын, қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуына жағдай жасалуын, сондай-ақ, туристік инфрақұрылымды қаланың көлік жүйесіне тиімді біріктіруді тапсырды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #шатқал #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Кеше 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Кеше 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Кеше 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Кеше 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);