Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі сумен қамту нысандарымен танысып, іск...

Алматы әкімі сумен қамту нысандарымен танысып, іске қосу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Барлығы 08.07.2025, 15:03 636
Алматы әкімі сумен қамту нысандарымен танысып, іске қосу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай және Бостандық аудандарында орналасқан сумен жабдықтау нысандарын аралап, қала тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Алдымен әкім Қарағайлы шағынауданында бой көтеріп жатқан су тарту және су тазарту кешеніне барды. Бұл нысан Наурызбай ауданының халық тығыз қоныстанған аумағын сапалы әрі тұрақты ауызсумен қамтуға арналған. Кешен тәулігіне 15 мың текше метр су өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, реагенттер мен сүзгілеу жабдықтарын орнату, автоматтандыру және басқару жүйелерін іске қосу-реттеу шаралары жүріп жатыр.

Дархан Сатыбалды нысанның пайдалануға берілу мерзіміне қатысты бірқатар ескерту айтып, туындаған мәселелерді жедел шешуді тапсырды.

Бұдан кейін қала басшысы Асқаров көшесінде жүргізілетін су құбырларын жаңарту және сорғы станциясын қайта құру жұмыстарының жобасымен танысты. Жоба аясында екінші көтерілімдегі жаңа сорғы станциясы салынып, таза суға арналған резервуарлар қайта жөнделеді, ескірген инженерлік желілер толық ауыстырылып, жүйе заманауи талаптарға сай жаңғыртылады. Бұл нысан іске қосылған соң 15 мыңнан астам тұрғын мен әлеуметтік мекемелерді үздіксіз әрі сенімді ауызсумен қамтамасыз етеді. Құрылыс шілде айында басталады.

Қала әкімінің жұмыс сапары Нұр Алатау шағынауданында орналасқан «Резервтік көл» гидротехникалық нысанында аяқталды. Бұрын 300 мың текше метр көлемінде су жинақтауға арналған бұл су қоймасы қазіргі таңда техникалық ақаулар мен апат қаупіне байланысты жұмысын тоқтатқан. Қазіргі таңда нысанды күрделі жөндеуден өткізу қажет.

Осы стратегиялық маңызды аумақты тиімді пайдалану мақсатында мұнда су тазартуға арналған мембраналық қондырғылар орнату, көлемі кемінде 6 000 текше метр болатын жаңа таза су резервуарларын салу және қолданыстағы инфрақұрылымды қайта қалпына келтіру мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, суды залалсыздандыру жүйесін енгізіп, нысан аумағының бір бөлігін қаланың балансына қайтарып, онда тұрғындар үшін саябақ немесе сквер сынды жасыл аймақ құру жоспарланған.

«Тұрақты сумен қамту қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Біз тұрғындарды сапалы сумен және сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге міндеттіміз. Барлық жұмыс уақытында, кешіктірілмей аяқталуға тиіс», — деді Дархан Сатыбалды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша әкім барлық жауапты мекемеге жұмыстардың үйлесімді жүргізілуін қамтамасыз етіп, жаңа қуаттарды іске қосуға кедергі келтіріп отырған барлық түйткілді шешуді және реттеу жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды. Ол заманауи әрі сенімді сумен қамту жүйесін дамыту қаланың инфрақұрылымдық саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар мүгедектікті белгілеуге онлайн жазыла алады

Бүгін 12:46

Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып есептеледі

Бүгін 12:26

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59

Ұлтты ұйыстырған ұлы аналар

Бүгін 11:38

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі