AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі “Сайран” автовокзалы мен “Car City” с...

Алматы әкімі “Сайран” автовокзалы мен “Car City” сауда орталығы маңында тәртіп орнатуды тапсырды

Барлығы 09.08.2025, 16:31 756 Дина
Алматы әкімі “Сайран” автовокзалы мен “Car City” сауда орталығы маңында тәртіп орнатуды тапсырды
сурет: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды аудан әкімдігі, тиісті басқармалар, коммуналдық қызмет пен бағынысты ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Әуезов ауданында кеңес өткізді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Негізгі мәселелердің бірі «Сайран» автовокзалы мен «Car City» сауда орталығы маңындағы жағдай. Мұнда жекеменшік таксилердің тұрақты жиналуы тұрғындардың наразылығын туғызып, шу, санитарлық талаптардың сақталмауы және кешкі мезгілде қауіпсіздіктің төмендеуі сынды мәселелерге себеп болып отыр.

Дархан Сатыбалды аудандық полиция басқармасына патрульдеу жұмысын күшейтіп, аталған нысандардың маңындағы тәртіпті реттеуді тапсырды.

Әуезов – Алматыдағы халық ең тығыз қоныстанған аудандардың бірі, мұндағы тұрғын үйлердің көпшілігі кеңес дәуірінде салынған. 2025 жылы мұнда 37 көпқабатты үйдің қасбеті күрделі жөндеуден өтпек. 

Алматы әкімінің айтуынша, жұмыстарды жүргізу кезінде бірыңғай сәулеттік стандартты сақтау маңызды, бұл қаланың үйлесімді келбетін қалыптастыруға ықпал етеді. 

«Бүкіл қалаға қолдануға болатын шешім қабылдауымыз қажет. Қазір Алматының сегіз ауданында әкімдер жобаларды өз бетінше жүзеге асырып жатыр. Бізге бірыңғай тәсіл керек», – деді Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ, Әуезов ауданында қоғамдық кеңістіктерді дамыту міндеті тұр. Бастапқыда бұл аудан «тұрғын» ретінде жобаланғандықтан, уақыт өте келе мұнда саябақ пен скверлер тапшылығы туындады. Бүгінде бір ғана жекеменшік саябақ жұмыс істейді. Тиісті басқармалармен бірлесіп, саябақтар мен жасыл желектерді көбейту жобалары қарастырылуда.

Инженерлік инфрақұрылым құрылысы, тарату жылу желілерін қайта жаңғырту, сыртқы жарықтандыру желілерін жаңарту жалғасып, көптеп ағаш отырғызу мен аулалар кешенді абаттандыру жұмыстары қолға алынған. 

«Ауданды дамыту керек. Жүзеге асқан жобаны тұрғындар оны көріп, бағалауға тиіс. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі кемінде 15 жыл сақталып, бұл мерзім ішінде қайта жөндеу қажеттілігі тумауы керек», – деді Дархан Сатыбалды.

Кеңес аясында Алматы әкімі Әуезов ауданы тұрғындарын жеке қабылдады. Мемлекеттік бағдарлама аясында шатырларды күрделі жөндеу, мемлекеттік жалдамалы тұрғын үй беру, сондай-ақ, инклюзия, жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері талқыланды. Тұрғындарға түсініктеме беріліп, әрбір өтініш бойынша нақты іс-шаралар мен орындау мерзімі белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);