AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі құрылыс жобаларын жеделдетуді тапсырд...

Алматы әкімі құрылыс жобаларын жеделдетуді тапсырды

Алматы 14.09.2026, 15:15 288
Алматы әкімі құрылыс жобаларын жеделдетуді тапсырды
Almaty.tv

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалалық басқармалар мен коммуналдық мекемелердің басшыларымен кеңейтілген аппараттық кеңес өткізді. Жиында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджет қаражатына салынып жатқан нысандардың қазіргі жағдайы талқыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құрылыс жобаларының жағдайы

Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатовтың мәліметінше, бүгінде қалада 94 жоба іске асырылып жатыр. Соның 32-сі іс жүзінде аяқталған. Тағы 28 нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделсе, 34 жобаның құрылысы келесі жылы жалғасады.

Білім беру нысандары

Жобалардың басым бөлігі білім беру саласына тиесілі. Бұл бағытта 31 нысан қамтылған. Атап айтқанда, Зерделі және Саялы шағынаудандарында жаңа мектептер мен балабақшаның құрылысы аяқталды. Сонымен бірге бірқатар білім беру нысаны қайта жаңғыртылып, сейсмикалық тұрғыдан күшейтілді.

Денсаулық сақтау жобалары

Денсаулық сақтау саласында 13 жоба қолға алынған. Олардың қатарында Алтай-1 және Шұғыла шағынаудандарында, сондай-ақ Әйтеке би көшесінде бой көтеріп жатқан, әрқайсысы ауысымына 500 адам қабылдайтын үш жаңа емхана бар. Бұған қоса екі перзентхананың жаңа ғимараттары салынып жатыр.

Әлеуметтік тұрғын үй құрылысы

Қалада әлеуметтік осал топтарға және бюджет саласының қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысы мен баспана сатып алу жұмыстары да жалғасуда. Қалалық полиорталықтарда спорт, мәдени және әкімшілік нысандармен қатар жол инфрақұрылымы жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Жобалардың қарқынын арттыру

Шаһар басшысы жауапты басшыларға құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуын және нысандардың уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Әсіресе, дайындық деңгейі төмен, жұмысы баяу жүріп жатқан жобалардың қарқынын арттыру қажеттігін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматының туризм саласына салынған инвестиция рекордтық деңгейге жетті

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құрылыс #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сәтбаев салған сара жол

Кеше 20:26

Қанат Бозымбаев Алматыдағы азаматтық қорғау нысандарының жер сілкінісіне дайындығын тексерді

Кеше 19:30

«Жігітім алаяқ болып шықты»: сүйіктісіне алданғандар өзін қалай қорғай алады?

Кеше 19:24

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Кеше 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Кеше 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);