Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі жаңа фармацевтикалық зауыт құрылысы ж...

Алматы әкімі жаңа фармацевтикалық зауыт құрылысы жобасымен танысты

Барлығы 01.10.2025, 15:44 460
Алматы әкімі жаңа фармацевтикалық зауыт құрылысы жобасымен танысты
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында қаладағы ірі өндірістік кәсіпорындарды – «Nobel АФФ» АҚ, «Сайман корпорациясы» ЖШС және «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ зауыттарын аралады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

«Nobel Алматы фармацевтикалық фабрикасында» әкім компанияның өнімдерімен және Алматы Индустриалдық аймағында салынатын жаңа жоғары технологиялық дәрі-дәрмек зауытының құрылыс жоспарымен танысты.

Оны 2027 жылға дейін салу жоспарланған. Жоба 2020 жылдың қыркүйегінде инвестордың ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «СК-Фармация» ЖШС-мен жасаған меморандумы аясында жүзеге асырылады.

Жаңа зауытта 5 өндірістік цех пен 3 зертхана орналастыру көзделген. Бұдан бөлек, қойма, кеңсе және әкімшілік ғимараттар, сондай-ақ инженерлік-қосалқы нысан қарастырылған. Құрылысты 2026 жылы бастау жоспарланып отыр.

Әкім инвесторға барлық қажетті қолдау көрсетуді тапсырды. Жаңа зауыт өнім ассортиментін кеңейтуге, жоғары технологиялық дәрілерді өндіруге және барлық өндірісті қала сыртына – Индустриалдық аймаққа көшіруге мүмкіндік береді.

«Сайман корпорациясында» Дархан Сатыбалды есепке алу аспаптары өндірісінің жоғары деңгейін атап өтті. Кәсіпорында 180 адам еңбек етеді, олардың басым бөлігі – жергілікті ЖОО түлектері. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 800 мың аспап, ал жыл сайынғы нақты өндіріс көлемі – 500 мың дана.

Әкім қала кәсіпорындарында қазақстандық есепке алу аспаптарын кеңінен пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Жұмыс сапары барысында Дархан Сатыбалды сондай-ақ «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ-да болды. Бұл кәсіпорынның 60 жылдан астам тарихы бар және Қазақстан мен Орталық Азиядағы тағам өнеркәсібінің маңызды нысандарының бірі болып табылады.

Мұнда өсімдік майы, майонез, кетчуп, қыша, түрлі соустар, құрғақ дәмдеуіштер, маринадтар және кондитерлік қоспалар шығарылады. Кәсіпорынның жылдық қуаты – 132 мың тоннадан асады. Қазіргі уақытта өндірістік кешенде ауқымды қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қала әкімі өнеркәсіп секторын қолдауға және Алматының өндірістік әлеуетін дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19

"Айналайын, келе ғой". Абай облысында атқа мінген полицей айдаладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Бүгін 16:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика