AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Испания Елшісімен инвестициялық және...

Алматы әкімі Испания Елшісімен инвестициялық және туристік ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Алматы Бүгін 15:30 45 yakiya
Алматы әкімі Испания Елшісімен инвестициялық және туристік ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Испания Елшісімен инвестициялық және туристік ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтеспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Испания арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму мүмкіндіктерін, сауда-экономикалық байланысты кеңейту, инвестиция тарту, сондай-ақ туризм, қонақ үй бизнесі, спорт және қалалық даму салаласындағы өзара іс-қимыл жайын талқылады.

Дархан Сатыбалды Испанияның Қазақстанның Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1,93 млрд АҚШ доллары болды. Бүгінде Алматыда құрылыс, білім беру, ғылым және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін испан капиталы бар 28 кәсіпорын тіркелген.

Кездесуде туристік саланы дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қала әкімі Алматы тау кластері жобаларын іске асыру, «Шымбұлақ» тау курортының инфрақұрылымын кеңейту және 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындық жұмыстары туралы айтты. Осыған байланысты тараптар тау курорттары мен туристік бағыттарды дамытудағы испан тәжірибесін пайдалану мүмкіндігін талқылады.

Күн тәртібіндегі маңызды жайлардың бірі испаниялық Barceló Hotel Group компаниясымен ынтымақтастық болды. Компания өкілдері Қазақстанда қонақүй жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытса, қала басшысы Алматыда сапалы қонақ үй нысандарына сұраныс жоғары екенін және туристік маусым кезінде қонақ үйлердің жүктемесі айтарлықтай артатынын жеткізді.

Кездесу барысында испан бизнесінің Алматыдағы ірі инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері де сөз болды. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту, спорт саласындағы әріптестікті нығайту және Atlético de Madrid Academy Kazakhstan футбол академиясының жұмысы талқыланды.

Кездесу қорытындысында тараптар Алматы мен Испания арасындағы инвестициялық, экономикалық және мәдени байланысты одан әрі дамытуға, сондай-ақ жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 16:25

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты

Бүгін 16:20

Жастарды қолдау: 11 комьюнити орталық, 25 мың жұмыс орны және ғылымға бөлінген 348 млн теңге

Бүгін 14:18

Төл мұрамыз турасындағы ой-талқы. Қазақстанда 400 мыңға жуық жазуы бар құлпытас сақталғаны айтылды

Бүгін 14:05

Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 12:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);