Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР бас консулымен кез...

Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР бас консулымен кездесті

Саясат 17.08.2022, 03:47 1,394
Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚХР бас консулымен кездесті
сурет: Әкімдік


Smart City бойынша әдіснама  жасалады 


Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің тізіміне кіреді. Алматы қаласы мен Қытай арасындағы тауар айналымы жедел қарқынмен өсуде. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тауар айналымы 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 51,6%-ға артып, 2 млрд 850 млн АҚШ долларын құрады. 
Бүгінде Алматыда Қытай капиталының қатысуымен 898 кәсіпорын жұмыс істейді. Үлкен диаметрлі болат дәнекерленген құбырлар шығаратын зауыт бірлескен маңызды жобалардың бірі болды. Оны іске қосу нәтижесінде 2021 жылы 300-ден астам жұмыс орны құрылды. Инвестиция көлемі 33 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың соңына дейін Индустриалды аймақта радиаторлар өндіру бойынша тағы бір инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде. Бұл жобаға салынған инвестиция көлемі 11,6 млрд теңгені құрайды, 430 жаңа жұмыс орны ашылады.
Өткен жылы Алматы қаласының Сычуань провинциясымен ынтымақтастық туралы жасалған меморандумды ескере отырып, Қытай инвесторларын ғылым мен білім саласында және сауда-экономикалық, мәдени қатынастарды жандандыруға кеңінен тарту ұсынылды. 
Жаңа технологияларды дамыту, цифрландыру жұмыстары аясында өткен жылдың желтоқсан айында Алматы мен Шэньчжэнь қалалары арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Ағымдағы жоспарларда екі қаланың жергілікті ИТ-бизнесін қолдау үшін өзара преференциялар құрылады және Smart City цифрландырудың инфрақұрылымдық жобаларын енгізу бойынша әдіснама  жасалады.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытатын айтарлықтай әлеует пен перспективалық бағыттарды атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Досаев #ҚХР #бас консул #кездесу #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президенті Мирьяна Споляричпен кездесті

Бүгін 15:20

Алматыда көктемнің келуіне байланысты демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерде 2000 тонна азық-түлік өнімдері сатылады

Бүгін 15:07

№2 мектепте Халықаралық әйелдер күніне арналған әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырылды

Бүгін 12:53

Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардың 284 млн теңгеге жуық берешегін анықтады

Бүгін 12:42

Алғыс айту күні: Алматыда зағип жандарға тегін көз тексерісі ұйымдастырылды

Бүгін 12:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі