Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі экономика өсімі, инвестиция және қала...

Алматы әкімі экономика өсімі, инвестиция және қала тұрғындары әл-ауқатының артуы жөнінде мәлімдеді

Барлығы 17.12.2025, 14:46 327
Алматы әкімі экономика өсімі, инвестиция және қала тұрғындары әл-ауқатының артуы жөнінде мәлімдеді
Алматы әкімдігі

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылы қаңтар-қараша айларындағы мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін таныстырды. Әкімнің айтуынша, қаланың басты басымдығы - ұзақ мерзімді дамудың негізі саналатын экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету.

"Биыл Алматыда іскерлік белсенділік жоғары деңгейде сақталып, инвестициялық серпін оң бағытта дамыды. 11 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 11,4% болып, өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен асып түсті. Экономикалық өсімнің негізгі драйверлері - құрылыс (38,3%), көлік саласы (21,5%) және өңдеу өнеркәсібі (16,8%)", - деді Алматы әкімі.

Дархан Сатыбалды атап өткендей, экономикалық өсім жоғары инвестициялық белсенділікпен нығая түсуде. 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында қаланың негізгі капиталына 1,9 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19%-ға көп.

Жыл ішінде жалпы құны шамамен 500 млрд теңге болатын 12 ірі инвестициялық жоба іске қосылды. Олардың қатарында Haval, Chery және Changan маркалы жеңіл автокөліктер шығаратын мультибрендті зауыт, автокөлік шиналарын резеңке үгіндісіне қайта өңдеу зауыты, шыны ыдыс өндіретін кәсіпорын, сондай-ақ күн модульдерін шығару жобалары бар.

Жыл қорытындысы бойынша Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімінің өсімі 6,4% деңгейінде болмақ. Экономиканың дамуы салық түсімдерінің тұрақты артуымен қатар жүруде: 2025 жылы 11 айда жергілікті бюджетке 1 трлн 970 млрд теңге түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ға жоғары.

"Қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. 2025 жылы Алматыда 92 мың жұмыс орны құрылды, оның 87%-ы – тұрақты. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша қаладағы орташа айлық жалақы 539 мың теңге болып, номиналды мәнде 14,5%-ға өсті және республикалық орташа деңгейден 29%-ға жоғары болды", – деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #даму
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика