AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Сұлуcай шағынауданын...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Сұлуcай шағынауданында инженерлік желілердің құрылысын тексерді

Барлығы 24.12.2025, 12:58 381
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Сұлуcай шағынауданында инженерлік желілердің құрылысын тексерді
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Медеу ауданындағы Сұлуcай шағынауданының дамуын, инженерлік желілердің құрылысын, сондай-ақ №197 негізгі орта мектептегі оқу жағдайын тексерді.

Әкім Сұлусай шағынауданында су ұңғымаларын бұрғылау арқылы жүргізіліп жатқан су құбыры мен кәріз жүйесінің тарату желілерінің құрылысының барысын тексерді. Аталған аумақ 2014 жылы Алматы қаласының құрамына қосылғанымен, осы уақытқа дейін орталықтандырылған инженерлік желілермен толық қамтамасыз етілмеген. Жобаны іске асыру тұрғындарды тұрақты сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне кезең-кезеңімен қосуға мүмкіндік береді.

Тексеру барысында әкімге жұмыстардың аяқталу сатысында екені баяндалды. Қазіргі уақытта іске қосу-реттеу іс-шаралары жүргізіліп, нысанды пайдалануға беру жұмыстары атқарылуда. Дархан Сатыбалды сапаны қатаң бақылау қажет екенін атап өтіп, шағынауданның одан әрі дамуын ескере отырып, жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Жұмыс сапары аясында Сұлуcай шағынауданының әлеуметтік инфрақұрылымына қатысты мәселелер де қаралды. Дархан Сатыбалды «№197 негізгі орта мектеп» КММ-нің қазіргі жағдайымен танысты. Жобалық қуаты 60 орынға есептелген мектепте оқушылар саны одан жоғары, сабақ қазақ және орыс тілдерінде екі ауысымда ұйымдастырылған. Білім беру ұйымының қажетті жабдықтармен қамтылғаны, сондай-ақ қозғалысы шектеулі балалар үшін қауіпсіздік пен қолжетімділік жағдайларының жасалғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, Сұлуcай шағынауданында әлеуметтік нысандарды орналастыру үшін сатып алынған әкімшілік ғимаратқа ерекше назар аударылды. Алдағы уақытта мұнда мектеп оқушыларына арналған спорт және мәжіліс залдарын, сондай-ақ фельдшерлік-амбулаториялық пункт ұйымдастыру жоспарланып отыр. Алайда ғимараттың құрылымдық элементтері мен инженерлік желілерінің тозу деңгейі жоғары екені анықталды. Осыған байланысты тиісті басқармаларға қаржыландыру мәселесін пысықтап, жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу тапсырылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қала әкімі аумақтарды дамыту кешенді түрде, яғни инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелерін алдын ала шешу арқылы жүргізілуге тиіс екенін атап өтті. Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау және тұрғындармен кері байланыс аудан әкімдігі мен тиісті басқармалар арқылы қамтамасыз етіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика