AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланы көгалдандыру...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланы көгалдандыру мәселесі жөнінде жиын өткізді

Алматы 01.09.2026, 16:28 212
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланы көгалдандыру мәселесі жөнінде жиын өткізді
Алматы әкімдігі

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен көктемгі көгалдандыру жұмыстарының қорытындысы мен күзгі ағаш егу науқанына дайындық мәселесі талқыланған жиын өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Экология басқармасы өкілдерінің мәліметінше, көктемде қаланың барлық ауданындағы 55 учаскеге 6,5 мың ірі көлемді ағаш пен 500 мың бұта егілді. Бұл жұмыс Алматы жағалауларында, бульварлары мен өзге де қоғамдық кеңістіктерінде жүргізілді.

Жиында Қытайдың Ханчжоу қаласына барған мамандардың жұмыс сапарының нәтижесі де таныстырылды. Сапар барысында көгалдандыру және отырғызылатын материалдарды өсіру бағытындағы озық тәжірибе зерделенді. Оның қорытындысы бойынша Алматының климаттық жағдайына бейімделген өсімдіктерді Қытайдағы тәлімбақтардан тікелей жеткізу жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Атап айтқанда, сәндік өсімдіктерді өсіруде көп жылдық тәжірибесі бар Zhejiang Jiande Shengyan Agricultural Technology Development Co., Ltd. компаниясы Алматыға отырғызылатын материалдарды іріктеу және көгалдандырудың заманауи тәсілдерін енгізу бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Алдын ала Алматының климаттық және қалалық жағдайына бейімделу мүмкіндігі сыналатын ағаш, бұта және көпжылдық өсімдік түрлері анықталды.

Күзгі көгалдандыру науқаны аясында Алматының барлық ауданындағы 37 нысанға шамамен 2 мың ағаш пен 350 мың бұта егу жоспарланып отыр.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды отырғызылатын материалдардың сапасын қатаң бақылауды және өсімдік таңдағанда олардың климаттық әрі қалалық орта жағдайына төзімділігіне ерекше мән беруді тапсырды. Сондай-ақ, көгалдандыру жұмыстары Алматыда жасыл желек жүйесін кезең-кезеңімен қалыптастыруға бағытталуға тиіс екені айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен корейлік CONTEC Space Group ғарыш саласындағы ынтымақтастықты пысықтауда

Бүгін 21:00

Үкіметте әлеуметтік саланы дамыту мәселелері қаралды

Бүгін 20:46

Қазақстан мен жетекші корей компаниялары Alatau City-ді дамытуға бағытталған жаңа жобаларды пысықтауда

Бүгін 19:01

Тау туризмінің экономикасы: Алматыға қандай пайда әкеледі?

Бүгін 17:47

Қазақстандықтардың 86,7 пайызы Президентке сенім білдіреді

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);