Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы жол жөндеу жұмыстарын күзге дейін аяқтауды тапсырды

  • 10:13, 07 маусым 2025
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы жол жөндеу жұмыстарын күзге дейін аяқтауды тапсырды сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы жол жөндеу жұмыстарын күзге дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Міндеттемесіне салғырт қарап, уақытында орындамайтын мердігерлермен келісімшартты бұзып, жауапсыз компаниялар тізіміне енгізу қажет", – деді Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданындағы жұмыс сапары барысында.

Наурызбай ауданына жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты.

Құрамыс шағынауданында қала басшысы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын қарап шықты. Атап айтқанда, 2023 жылы тамызда қала әкімдігі жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен құрылысы басталған 1500 орындық жайлы мектеп салынып жатыр. Аудан халқының көбеюіне және тұрғын үй құрылысының жаппай салынуына байланысты мектеп тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. 2024-2025 оқу жылында шамамен 5 мың оқушыға орын қажет.

Сондай-ақ, сол маңда 320 балаға арналған балабақша салынып жатыр. Қазіргі уақытта нысан 65% дайын. 

Құрылыс мерзімі созылып кеткенін көрген қала басшысы мердігер компанияға қатысты сын айтты. Құрылыс басқармасына бақылауды күшейтуді, ал міндеттемесін уақытында орындамаған компанияларды жұмыстан шығарып, жауапсыз мердігерлер тізіміне енгізуді тапсырды.

"Бұлай болмайды! Егер жұмыс мерзімінен кешігіп жатса, тиісті шешімді өздеріңіз қабылдап, келісімді бұзып, компанияны қара тізімге енгізіңіздер. Мені ертіп келіп, шешімі жоқ мәселе деп айтудың қажеті жоқ. Ешкім сіздерге жұмыс істеуге кедергі жасап отырған жоқ. Әр нысанға жіті бақылау керек", – деді шаһар басшысы.

Дархан Сатыбалдыға биыл наурызда құрылысы басталған ауысымына 500 қабылдауға арналған емхананың да барысы туралы баяндалды. Құрылыс аяқталғаннан кейін бұл нысан шамамен 30 мың тұрғынға қызмет көрсетпек. Жаңа медициналық нысан 26-қалалық емхананың жүктемесін жеңілдетіп, шағынаудан тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Дархан Сатыбалды құрылысқа байланысты уақытша жабылатын жол жөндеу жұмыстарын ретке келтіруді тапсырды.

"Жоба бар. Инженерлік желілер тартылып жатыр. Қаржыдан қиындық жоқ. Енді тек жұмысты уақытында әрі сапалы атқару керек. Жаз мезгілінде жол қазу жұмыстарының бәрін жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау қажет", – деді Алматы әкімі.

Бұдан кейін Дархан Сатыбалды Ақжар шағынауданына барып, су және кәріз жүйелерінің құрылысының екінші кезеңін қарап шықты. Жоба аясында ұзындығы 82,4 шақырым болатын инженерлік желілер жүргізіледі. Қазірдің өзінде 31 км су құбыры мен 27 км кәріз желілері салынып бітті. Құрылыс пен іске қосу жұмыстары 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған. Жоба толығымен жүзеге асқанда, 33 мыңнан астам Ақжардың тұрғын сапалы ауызсумен қамтылады.

Келесі нысан – Абай даңғылының Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін созылатын жол құрылысы. Жалпы ұзындығы 5,3 шақырым болатын жолдың 4,7 км бөлігі аяқталып, пайдалануға берілген. Биыл 30 мамырда Құрылысшы көшесінен Алтын Орда көшесіне дейінгі 600 метрлік учаскеде көлік қозғалысы ашылды. Қазір асфальт төсеу, тротуарлар мен ішкі жолдарды салу жұмыстары жүріп жатыр. Жоба 2025 жылдың қарашасына дейін аяқталуға тиіс. Ал орташа жөндеу жұмыстары биылғы қазан айының соңына дейін бітеді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, әкім №7 қалалық клиникалық ауруханаға да барып, емхананың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл ғимарат 15 жылдан бері жөндеу көрмеген. Инженерлік жүйелер, шатыр және жүк жеделсатылары әбден тозған.

Сапар соңында Дархан Сатыбалды аудан әкіміне барлық нысандағы жұмыстың сапасы мен мерзімінің сақталуын қатаң бақылауға алуды жүктеді.

суреттер: Алматы қаласы әкімінің баспасөзінен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:19

16:08

15:08

13:41

13:00

10:56

10:13

09:56

09:24

19:54

18:29

16:55

15:07

14:14

13:34

13:27

12:38

11:20

10:15

09:55

09:05

19:42

19:19

18:33

18:31