AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай мэрі Гун...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай мэрі Гун Чжэн екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Барлығы 06.11.2025, 10:30 387
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай мэрі Гун Чжэн екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады
сурет: Алматы әкімдігі

Шанхайда Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай мэрі Гун Чжэн жұмыс бабымен кездесті. Тараптар екі мегаполистің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын талқылады.

Шанхай мэрі Алматының серіктестікті дамытудағы маңызды торап екенін атады. Ол биыл Шанхайда өткен China International Import Expo халықаралық көрмесіне алматылық кәсіпорындардың қатысуының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Алматы компанияларының өнім ұсынуы ынтымақтастықты тереңдетуге деген қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді.

Гун Чжэн сонымен қатар өнеркәсіптік және инновациялық байланысты дамыту қажеттілігіне сенім білдіріп, қалалар арасындағы экономикалық қатынастарды кеңейтуге зор әлеует бар екенін айтты.

Дархан Сатыбалды Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жаңа, жоғары деңгейге көтерілгенін жеткізді.

«Біз елдеріміздің көшбасшылары арасындағы тығыз саяси диалогты жоғары бағалаймыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынас достық пен стратегиялық серіктестіктің «алтын отыз жылдығына» қадам басты», — деді Алматы әкімі.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, Шанхай – Алматы үшін стратегиялық әріптес қана емес, рухы жақын қала. «Алматы мен Шанхай көп жағынан ұқсас: екеуі де елінің экономикалық, инновациялық және туристік орталығы», — деді Алматы басшысы. 

Әкім сондай-ақ 2025 жылы жазда Алматы мен Шанхайдың ресми түрде бауырлас қалалар мәртебесіне ие болғанын еске салды. Бұл шешім сауда, инвестиция, туризм және білім беру салаларындағы серіктестікті кеңейтуге берік негіз қалады.

Бүгінде Алматы – Қытай бизнесі мен туристері үшін басты тартылыс орталығы. Қалада қытай капиталы бар 5 мыңнан астам компания жұмыс істейді, бұл Қазақстандағы барлық қытай кәсіпорындарының шамамен 70%-ы. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 7 млрд АҚШ долларынан асып, 20% өсті.

Тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Дархан Сатыбалды Алматы мен Шанхай арасындағы ынтымақтастықтың үш жылдық жоспарын әзірлеуді, сонымен бірге екі қаланың бизнесі арасында тікелей диалог орнату және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Алматы-Шанхай іскерлік кеңесін құруды ұсынды.

Айта кетейік, биыл екі қала арасындағы байланысты нығайту аясында China Eastern Airlines әуе компаниясы Алматы – Шанхай тікелей әуе бағытын ашты. Сонымен бірге туристер легі де өсіп келеді: жыл басынан бері Алматыға келген қытайлық туристер саны 33%-ға артты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика