AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін...

Алматы әкімі агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Барлығы 21.11.2025, 14:22 688
Алматы әкімі агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Алматы

Кәсіби мереке қарсаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мегаполисті сапалы өніммен тұрақты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан агроөнеркәсіп саласының үздік өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Іс-шара барысында Алматы әкімі агроөнеркәсіп кешенінің стратегиялық маңызын атап өтіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығын ұлттық қауіпсіздіктің негізгі бағыттарының бірі ретінде дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын айтты. Қайта өңдеу кәсіпорындары, логистикалық инфрақұрылым және ғылыми-білім беру орталықтарының арқасында Алматы аграрлық тізбектің маңызды буынына айналып отыр.

Салтанатты рәсім аясында "Парасат" ордені Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Агрономия, селекция және биотехнология" кафедрасының профессоры Тастанбек Атақұловқа және "Масло-Дел" ЖШС бас директоры Павел Селивановқа табысталды. "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Цин-Каз" ЖШС зертхана меңгерушісі Айман Күдерина марапатталды. Бұл наградалар - сала мамандарының көпжылдық адал еңбегі мен кәсібилігіне, аграрлық сектордың дамуына қосқан зор үлесіне берілген жоғары баға.

Қала әкімі ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген барша мамандарға ризашылығын білдіріп, агроөнеркәсіп секторына қолдау көрсету жұмысы жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Бүгінде Алматыда агроөнеркәсіп саласында 60-қа жуық кәсіпорын және азық-түлік өндіретін 300-ден астам компания жұмыс істейді. Айта кетейік, Қазақстанда қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні дәстүрлі түрде аталып өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #наградтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде ұсынылады

Бүгін 10:41

Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда

Бүгін 10:38

Соңғы жеті жылда Қазақстанда 800 мыңға жуық автомобиль өндірілді

Бүгін 10:35

Халықаралық институттар Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін болжап отыр

Бүгін 10:31

Қазақстан экономикасындағы жеті жылдағы өзгеріс: шикізаттан жаңа өндірістерге дейін

Бүгін 10:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);