AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі 49 шақырым болатын 11 көшеде кешенді...

Алматы әкімі 49 шақырым болатын 11 көшеде кешенді көріктендіру жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді

Барлығы 17.12.2025, 15:02 349
Алматы әкімі 49 шақырым болатын 11 көшеде кешенді көріктендіру жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді
Алматы әкімдігі

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполисте жайлы қалалық орта қалыптастыру және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағытында жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Әкімнің айтуынша, 2025 жылы Алматыда жалпы ұзындығы 49 шақырым болатын 11 көшеде кешенді көріктендіру жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта Достық даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі бөлігі, сондай-ақ Пушкин көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі аралығында көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сыртқы жарықтандыру жүйесін дамыту мен жаңғыртуға ерекше назар аударылып отыр. Қабылданып жатқан шаралар бұрын жарықтандырылмаған 1 100-ден астам аумақты қамтыды.

Бағдарлама аясында 12 мыңнан астам жаңа жарық шамы орнатылып, сондай-ақ 20 мыңнан аса ескі жарықтандыру құралдары ауыстырылып жатыр. Осылайша, жыл соңына дейін Алматы қаласында 32 мыңнан астам жарық шамы орнатылады.

Сонымен қатар, 400 нысанда сәндік-сәулеттік жарықтандыру жүйелері енгізілуде. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде қала толықтай сапалы сыртқы жарықпен қамтамасыз етіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар 2026 жылы да жалғасады.

Сондай-ақ, қала әкімі Алматы қаласында сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 2025 жылы 330 шақырым жаңа су құбыры желісі салынды, 60 шақырым қолданыстағы желі жаңартылды. Су ресурсын тиімді пайдалану мақсатында жеке есептеу құралдарын орнату жұмыстары күшейтілді: жыл басынан бері 84,8 мың суық су есептегіші орнатылып, құрылғылармен жабдықталу деңгейі 67 %-дан 87 %-ға дейін өсті. Бұл су ресурстарын тиімді басқару мен шығынды азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар жылу, электр және газбен жабдықтау инфрақұрылымын жаңарту аясында 39 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылып, 17 қазандық жаңартылды. Электрмен жабдықтау саласында 221 шақырым желі қайта жаңғыртылды, оның ішінде 115 шақырымы "АЖК" АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы есебінен іске асырылды. Газбен жабдықтау бағытында 6,5 шақырым жаңа желі пайдалануға беріліп, Түрксіб ауданында 4 шақырымнан астам магистральдық газ құбырын салу жұмыстары басталды", – деді Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #көше көріктендіру #көше жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Бүгін 14:25

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактив арт-нысан орнатылды

Бүгін 14:04

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Бүгін 12:51

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика