конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Алматы әкімдігі Wildberries халықаралық онлайн сау...

Алматы әкімдігі Wildberries халықаралық онлайн саудамен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Нарық 08.02.2023, 06:16 2,044
Алматы әкімдігі Wildberries халықаралық онлайн саудамен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Суретті түсрігне - Д.Исаев

Қала әкімі Ерболат Досаев Wildberries халықаралық маркетплейсінің негізін қалаушы Татьяна Бакальчукпен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Кездесу барысында тараптар Алматы индустриялық аймағының аумағында логистикалық орталық салу мүмкіндігін талқылады. Wildberries логистикалық орталықтың құрылысына шамамен 100 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарланып отыр. Инвестициялық жоба аясында мегаполис кәсіпкерлеріне интернет арқылы сату нарығында олардың бизнесін кеңейтуге жәрдемдесу күтіледі.



«Мен Алматыда және Астанада Wildberries дамуын байқадым. Аяқ алысы өте жақсы, компания жылдам қарқынмен дамып келеді. Сапалы қызмет көрсетіп, лайықты орын алдыңыздар. Сіздің компанияңыздың Ресейдегі үлесі жоғары екені түсінікті, бірақ Қазақстан бизнес үшін сенімді серіктес бола алады. Біз тұрақтымыз, ашықпыз. Біз үшін маңызды міндеттің бірі – жергілікті инвестор үшін де, шетелдік инвестор үшін де бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау», - деп атап өтті әкім Ерболат Досаев.



Татьяна Бакальчук Алматыда логистикалық орталықтың құрылысы қазақстандық өндірушілер үшін Wildberries-пен айналысатын барлық өңірдегі нарыққа автоматты түрде жол ашады деп сенеді.



«Біз Қазақстанмен серіктестікке мүдделіміз, қызметімізді кеңейтуге дайынбыз. Біздің алаңда түрлі өнімдер, соның ішінде қазақстандық кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылған және жақын арада сіздің еліміздің өнімі көбейеді деп үміттенеміз», - деді Татьяна Бакальчук.



Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Wildberries #Меморандум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды ЕҚДБ президентімен Алматының инфрақұрылымын дамыту мен жаңа жобаларды талқылады

Кеше 18:04

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті

Кеше 16:51

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

Кеше 16:47

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Кеше 16:44

Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

Кеше 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);