AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімдігі мен ЕҚДБ «жасыл» қаржыландыру және...

Алматы әкімдігі мен ЕҚДБ «жасыл» қаржыландыру және инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы әріптестікті кеңейтеді

Барлығы 17.07.2025, 14:49 778
Алматы әкімдігі мен ЕҚДБ «жасыл» қаржыландыру және инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы әріптестікті кеңейтеді
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия және Моңғолия елдері бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханмен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар қалалық инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Дархан Сатыбалды Алматы Қазақстандағы инвестициялық тартымдылығы жоғары өңірлердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Соңғы үш жылда мегаполиске тартылған инвестиция көлемінің жылдық орташа өсімі 16% болды. Халықаралық Fitch агенттігі Алматының кредиттік рейтингін «BBB+» деңгейінде растады, бұл ЕҚДБ желісі арқылы да сырттан қаржы тартуға қолайлы жағдай жасайды.

Кездесу барысында экологиялық көлік жобаларын жүзеге асыруға арналған «жасыл» облигация шығару, оның ішінде LRT құрылысы, электроавтобустарға арналған инфрақұрылым құру және тартқыш қосалқы станцияларды жаңғырту сияқты қазіргі және келешектегі бастамалар талқыланды.

Сонымен қатар, Алматыда халықаралық қаржы институттарынан тікелей қарыз алу мүмкіндігі бар екені атап өтілді. 2025 жылы қаланың сыртқы қарыз алу лимиті 2,3 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтылды, бұл «жасыл» қаржыландыру механизмдерін белсенді енгізуге және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестікке қызығушылық танытып, Алматының тұрақты дамуы аясында одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Еуропалық қайта құру және даму банкі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Кеше 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Кеше 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Кеше 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Кеше 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);