AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы 2026–2030: экономиканы екі есе ұлғайту және...

Алматы 2026–2030: экономиканы екі есе ұлғайту және экологияны жақсарту жоспары таныстырылды

Барлығы 10.12.2025, 10:59 644 Сұлу
Алматы 2026–2030: экономиканы екі есе ұлғайту және экологияны жақсарту жоспары таныстырылды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мәслихат отырысында 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын ұсынып, қаланың жалпы өңірлік өнімін 70 трлн теңгеге дейін жеткізу, көлік жүйесін жаңғырту және экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсарту мақсатын жариялады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 10 желтоқсанда өткен Мәслихат отырысында 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары мен 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті таныстырды. Соңғы бес жылда қала халқы 2,3 миллион адамға дейін өсіп, экономиканың орташа жылдық өсімі 6,8 пайызды құрады, ал жұмыссыздық 5,2 пайыздан 4,4 пайызға дейін төмендеді.

Әкім алдағы бес жылда Алматының жалпы өңірлік өнімін екі есе көбейтіп, 70 триллион теңгеге жеткізу міндеті қойылғанын айтты. Бұл үшін экономиканың нақты өсімі жыл сайын кемінде 6 пайыз болуға тиіс. Дәстүрлі салалармен қатар туризм, IT-сектор, креативті индустриялар мен өңдеуші өнеркәсіп жаңа өсу драйверлері ретінде белгіленген. Шағын және орта бизнестің ЖӨӨ-дегі үлесін 60 пайыздан 65 пайызға дейін арттыру жоспарланып, жеңілдетілген режимдегі кәсіпкерлер үшін мөлшерлеме 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендетілгені атап өтілді.

Қала дамуының маңызды бағыты – көлік инфрақұрылымын жаңғырту. Жоспарға метроны кеңейту, BRT және LRT желілерін іске қосу, қоғамдық көліктің жаңа түрлерін енгізу кіреді. Бұл 2030 жылға қарай қоғамдық көлікпен жасалатын тәуліктік сапар санын 1,7 миллионнан 3 миллионға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бес қалалық полицентр қалыптастыру арқылы тарихи орталыққа түсетін жүктемені азайтып, барлық аудандарда қалалық ортаның сапасын арттыру көзделген.

Экологиялық бағытта №2 жылу электр орталығын 2026 жылдың аяғына дейін газға көшіру, кейін №3 ЖЭО-ны бу-газ технологиясына ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл жылу көздерінен шығатын зиянды шығарындыларды 92 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жеке секторды газдандыру деңгейі қазір 99,6 пайызды құрап, 2027 жылға қарай 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Әкімнің айтуынша, ұсынылған жоспар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сай Алматы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында бірлік күнін дәріптеген фестиваль өтті

Бүгін 14:29

Бірлік бар жерде - тірлік бар: Алмалы ауданы бірлік күнін Сайранның жағасында қарсы алды

Бүгін 14:25

Алматының Әуезов ауданы халық бірлігі мерекесін қалай атап өтті

Бүгін 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика