Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алмалы ауданында биыл 230 ағаш пен 55 мыңнан астам...

Алмалы ауданында биыл 230 ағаш пен 55 мыңнан астам бұта егілді  

Барлығы 01.07.2025, 12:33 605
Алмалы ауданында биыл 230 ағаш пен 55 мыңнан астам бұта егілді  
gov.kz

Алматы қаласының Алмалы ауданы көгалдандыру мен абаттандыру жағынан көп жұмыс бітірді.  Жыл басынан бері мұнда 230 ағаш егіліп, 17 мыңнан астам ағаш кесілген. Жақында 55 мыңнан астам бұтаны тағы екпекпіз.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының бір бөлігі осындай.  Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алмалы ауданының әкімі осылай деп мәлімдеді.

Алмалы ауданы көркейіп, дамып жатыр: 2025 жылы мұнда қалалық ортаның сапасын жақсартуға бағытталған ондаған жоба жүзеге асырылған. Әсіресе көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарының қарқыны көңіл көншітерліктей. Аудан бірте-бірте жайлы да, әсем ауданға айналып барады.

Жыл басынан бері ауданда жеті аймақ көгалданып, абаттандырылды. Бұта егіп, газон төселіп, автоматты суару жүйесі орнатылған. Мұндай жұмысты тағы он бір мекенжайда қолға алыпты.  Жалпы, 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алмалы ауданында 45 жоба жүзеге асырылмақ: 23 жоба аула жөндеуге, 18 жоба жасыл аймақтарды көгалдандыруға және 4 жоба аула аумақтарын көгалдандыруға арналған.

Биыл Наурызбай батыр, Шевченко, Құрманғазы, Абылай хан, Назарбаев, Абай, Желтоксан мен Сейфуллин көшесінің бойында да көгал пайда болады. Бұдан бөлек 55 мыңнан астам бұта да егілмек. Қазірдің өзінде үш жерде жұмысты бастап кеткен. Шевченко көшесі (Назарбаевтан Сейфуллинге дейін), Құрманғазы көшесі (Назарбаевтан Сейфуллинге дейін), Наурызбай батыр көшесі (Абайдан Төле биге дейін). Қалған бес аймақтағы жұмыс мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталғаннан кейін, тамыз айында басталмақ.

Бұдан бөлек, 2025 жылдың басынан бері Алмалы ауданында 230 ағаш егілді. Астана алаңында, Абай даңғылында, А. Иманов атындағы сквер мен Дүйсенов көшесіне көшет егілді. Шіріген ағаштарды да біртіндеп кесіп жатыр. Биылғы жылдың алғашқы бес айында 17 мыңнан астам ағаш өңделген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 30 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.

Алматыдағы қарқынды дамып келе жатқан орталық ауданның бірі саналатын Алмалы ауданындағы осындай кешенді жұмыстың арқасында біраз жерде жаңартылған жасыл аймақтар пайда болып, аулалар абаттанып, көшелер де жақсарып, аудан өзгеше сипатқа ие болып қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағаш #отырғызу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика