Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алмалы ауданында биыл 1500 орындық жаңа мектеп сал...

Алмалы ауданында биыл 1500 орындық жаңа мектеп салынып, «Шабыт» атты оқушылар үйі пайдалануға берілді

Барлығы 01.07.2025, 19:22 792
Алмалы ауданында биыл 1500 орындық жаңа мектеп салынып, «Шабыт» атты оқушылар үйі пайдалануға берілді
Сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

Ауданда жалпы саны 43 мектеп жұмыс істейді, оның 29-ы мемлекеттік те, 14-і жеке меншік мектеп.

 №58 мектепке қосымша 600 орындық жапсарлас жай салынып жатыр. №16 мектепте де тура осындай 300 орындық жапсарлас ғимаратты салуды бастадық, оның құрылысы 2026 жылдың екінші тоқсанында аяқталып қалады дейді, Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин. 

Бұдан бөлек, аудандағы 4 мектепті сейсмикалық тұрғыда берік қылу жұмысы да қолға алынған. Биыл №10, 13, 21, 43 пен мемлекеттің меншігіне қайтарылған «Теремок» балабақшасында жөндеу мен сейсмикалық күшейту жұмыстары  басталыпты. Ауданда жалпы 62 балабақша жұмыс істейді. Оның 35- жеке балабақша да, 29-і мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтіндер.  

«Қазір құрылыс басқармасы Тастақ шағынауданында 240 орындық жаңа балабақша салу үшін байқау өткізіп жатыр. Құрылысы биылғы тамызда басталып, 2026 жылдың тамызында аяқталады. Сонымен бірге, 13 балабақшада биыл жөндеу жұмысын бастаймыз», - деп толықтырды әкім. 

Әлеуметтік инфрақұрылымның тағы бір маңызды бағыты – денсаулық сақтау. №3 қалалық емхана күрделі жөндеуден өтіп, жақында пайдалануға берілмек. Ауданда жалпы саны 12 мемлекеттік және 13 жеке меншік мекеме бар. Алмалы ауданының денсаулық сақтау жүйесіне Республикалық және қалалық ұйымдар кіреді, олар тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді. 

Төрекұлов көшесі мен Жібек жолы даңғылында орналасқан адам репродукциясы қалалық орталығының екі корпусын жаңалау жұмыстары аяқталып қалған.   Құрылыс басқармасы №1 перзентхана құрылысы бойынша және Әйтеке би – Масаншы көшелерінің қиылысында 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы бойынша (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы 2025 жылғы 14 сәуірде алынған, құрылыс сомасы – 9 301 млн тг) мердігер ұйымды анықтау мақсатында байқау өткізіп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарын шілде мен қыркүйек айында бастау жоспарланыпты. 2026 жылдың 4 тоқсанына аяқталмақ.

«Тастақ ауданында, Райымбек даңғылы 312 мекенжайында орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт орталығының құрылысы ерекше маңызға ие. Көпфункциялы бұл орталық ерекше қажеттілігі бар адамдарды сауықтыру мен жаттықтыруға арналған. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталды.  2026 жылдың қараша айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бюджеті – 3,9 млрд теңге»,- дейді аудан әкімі.

Абай мен Масаншы көшесінің қиылысындағы ғимаратты жаңарту жобасы әзірлеудің соңғы кезеңінде тұр. Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл жерде  балаларға арналған көпбейінді оңалту орталығы орналаспақ. 

Аудан әкімдігімен телеграм канал арқылы да байланысқа шыға аласыз. Ол жерде сұрақ қойып, мекенжайыңызды көрсетіп, суретіңізді қойсаңыз болды. Тұрғындардың арыз-өтініші бірден қабылданады дейді, әкімдіктің өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы ауданы #шабыт #Оқушылар үйі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика