Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алмалы ауданында 4 спортзалы бар мектеп салынып бі...

Алмалы ауданында 4 спортзалы бар мектеп салынып бітті

Барлығы 02.07.2025, 14:26 1,125
Алмалы ауданында 4 спортзалы бар мектеп салынып бітті
Алматы әкімдігі

Алмалы ауданында заманға лайық жалпы білім беретін 1500 орындық жаңа оқу орталығының құрылысы аяқталды. Райымбек даңғылы - 210 (Әуезов көшесімен қиылысқан жерде) мекенжайында орналасқан бұл нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында  «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Bazis Construction» ЖШС-нің қолдауымен салынды.

Ауданда шамамен  1 400 орын жетіспей тұрғандықтан, мектеп дер кезінде пайдалануға берілген. Жаңа оқу орнының құрылыс барысын Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры аясында Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин таныстырды.

Құрылысы 2023 жылдың жазында басталған мектептің негізгі жұмыстары, соның ішінде ішкі әрлеу жұмысы толығымен біткен. Қазір рұқсат беретін құжаттамасын әзірлеп жатыр. Тамыз айында оқушылар мектепке кіріп, 1 қыркүйекте алғашқы сабақ өтпек.

«Мектептің құрылысы бір жыл үш ай ішінде жүргізілді. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Барлық инженерлік желіге қосылды, нысан 100% дайын. Парталар, компьютерлер мен ақпараттық тақталар секілді қажетті жабдықтың бәрі қойылды. Нысан пайдалануға беруге дайын», - деді «BCN Group» ЖШС құрылыс компаниясының атқарушы директоры Ербол Тұрайысов.  

Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы шамамен 16 000 м², бұл стандартты мектептермен салыстырғанда 15–20%-ға артық. Құрылыстың аумағы – 2,53 гектар. Ғимарат кеңістігі білім  деңгейіне қарай бөлінген: оң жақ қанат бастауыш мектепке арналған, оның жеке кіреберісі, екі шағын спортзалы, оқшауланған сыныптары бар; сол жақ қанатта – негізгі және жоғарғы сыныптар орналасса, орталығында 326 орынды асхана мен акт залы болады.

«Нысан жалпы 8 блоктан тұрады. Үшінші блок – бұл мектептің әкімшілік бөлігі, мұндағы бірінші қабатта мектеп басшылығы орналасады. Бесінші блок – бастауыш сыныптар мен мектепке дейінгі балаларға арналған, олар екінші және үшінші қабатта орналасқан. Қалған блоктар орта және жоғары сыныптарға арналған. Мектеп ауласында бастауыш сыныптарға арналған алаңдар мен жоғары сынып оқушыларының әскери дайындығына арналған алаң, футбол мен волейбол алаңдары да ашылған», – деп қосты Ербол Тұрайысов.

Жаңа мектеп қазіргі заманғы жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына толық сай келеді. Ғимаратта төрт спорт залы, STEM-зертханалар, робототехника аймақтары, кітапхана, коворкингтер, сондай-ақ инклюзивті ортаға арналған лифтілер мен пандустар да бар. Әр қабатта ауызсу орнатылып, оқушыларға оқулығын сақтайтын жеке шкаф берілген. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектеп бейнебақылау жүйесімен, дабылмен жабдықталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, бұл мектеп көп ауысымды оқытуды жойып, тозған мектептерден бас тарту үшін салынып жатқан нысан. Бұл жай ғана жаңа мектеп емес, бұл білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған сапалы қадам, барлық оқушыға тең әрі жайлы жағдай жасауға ұмтылу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика