AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Әлихан Смайылов ТМД үкіметтері басшылары кеңесіні...

Әлихан Смайылов ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты

Саясат 18.12.2023, 11:26 1,533
Әлихан Смайылов  ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәскеу қаласында (РФ) өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Үкімет басшысы өз сөзінде Қазақстан интеграциялық байланыстарды тереңдету және оны жаңа практикалық мазмұнмен толықтыру үшін ТМД алаңында одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.


«Мемлекеттер басшылары кеңесінің өткен отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған басымдықтар ТМД форматындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған. Ең бастысы – туындаған сын-қатерлерді еңсеру, тиімді әріптестікті нығайту үшін жаңа бағыттар іздеу», — деді Әлихан Смайылов.


Мәселен, келер жылы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарының бірі мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім және спорт салаларындағы өзара іынтымақтастықты кеңейту болмақ.


Премьер-Министр Қазақстан 2024 жылдың ТМД елдерінде Волонтерлік қозғалыс жылы деп жариялануын құптайтынын атап өтті.



«Бүгінде Достастық елдерінің еріктілері өздерінің тынымсыз еңбектерінің арқасында толерантты қоғамның дамуына, қайырымдылық пен мейірімділік мәдениетін қолдауға елеулі үлес қосуды жалғастырып келеді. Достастық елдері еріктілерінің жыл сайынғы форумын өткізу және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беру туралы қазақстандық бастаманы іске асыру бойынша нақты жұмыстарды бастауға шақырамын», — деді Үкімет басшысы.


Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы айта келе, Әлихан Смайылов дене шынықтыру және спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.


Биыл мүмкіндігі шектеулі балалар арасында ТМД елдерінің спартакиадалары және ТМД чемпионаттарын өткізу үшін ұйымдастыру-құқықтық негізін құру аталған бағыттағы үлкен жетістік болып отыр.


«Қазақстан бұл жұмысты қолдайды және алдағы жарыстарға белсенді қатысуды жоспарлап отыр», — деді Үкімет басшысы.


Оның айтуынша, өзара іс-қимылдың тағы бір маңызды бағыты – Достастық елдерінің азаматтарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету.


«ТМД шеңберінде әзірленген денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық тетіктері кең ауқымды коронавирустық пандемияны еңсеруге ықпал етті. Сонымен қатар біздің елдер қазір тағы да кең таралған аурулармен бетпе-бет келіп отыр, оның ішінде қызылша індетінің өршуін ерекше атап өтуге болады. Осыған орай денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесті қоса алғанда, ТМД-дағы барлық өзара іс-қимыл тетіктерін жандандыруға шақырамыз», — деді Премьер-Министр.


Оның айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек бойынша елдер коалициясын құруды ұсынды.


«Бұл аурудың алдын алу және денсаулықты қорғау қағидаттарын ілгерілетуге, бірлескен ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді», — деп баса айтты Әлихан Смайылов.


Жиын соңында Премьер-Министр ТМД елдерінің мәдениет саласындағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі жалпы тәсілдері Мәдени ынтымақтастық перспективалары туралы мәлімдеменің жобасында көрсетілгенін атап өтті.


«Біз аталған құжатты 2022 жылғы 14 қазанда Астанада өткен ТМД саммитінде қабылданған елдеріміздің басшыларының Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесін дамыту ретінде қабылдаймыз», — деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайлов #Мәскеу #волонтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:06

Алматыда 2026 жылдың басынан бері 53 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Бүгін 09:04

Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады

Бүгін 08:45

Тоқаев Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады

Бүгін 05:00

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Кеше 20:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);