AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Алғашқы «ақылды» қала ашылды

Алғашқы «ақылды» қала ашылды

Әлем 30.06.2023, 03:13 1,094
Алғашқы «ақылды» қала ашылды
Сурет: ашық дереккөз

Бейсенбі күні Түрікменстанда ел президенті Сердар Бердымухамедовтің қатысуымен алғашқы «ақылды» қала Аркадаг салтанатты жағдайда ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ашхабадтан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым қашықтықта орналасқан жаңа қаланың құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Оның негізін қалау рәсіміне Халк Маслахатының (Парламенттің жоғары палатасы) төрағасы Гурбангулы Бердымухамедов қатысты.


ҚазАқпарат «Түрікменстан бүгін» басылымына сілтеме жасай отырып берген мәліметке сүйенсек, Аркадаг – елдегі алғашқы «ақылды» қала. Онда тек экологиялық таза көліктер (электробустар мен электромобильдер) қатынайды. Сондай-ақ қалада «ақылды» тұрақтар, күн батареялары, жел генераторлары және тағы басқасы орнатылған.


Аумағы 1000 гектарды құрайтын жаңа шаһарда 70 мыңнан астам адам тұрады деп жоспарланған.


Құрылыстың алғашқы кезеңінде 336 заманауи ғимарат бой көтерді. Үйлердің сыртына жыл маусымына қарай іштегі температураны реттеп отыратын жылу қаптамалары қолданылған. Барлығы 258 тұрғын үй салынды. Олардың жанында мектептер, балабақшалар, өзге де білім мекемелері мен спорт кешендері орналасқан.


photo




Қазіргі уақытта 6 медицина мекемесі салынды. Алдағы уақытта ауруханалардың желісі құрылатын болады, оған Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы да енеді.


Сонымен қатар қалада 25 әкімшілік ғимарат, 11 мәдени-сауықтыру орталығы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақылды #қала #Экожүйе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);