конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Әлемнің үздік цирк артистері Алматы манежінде: IV...

Әлемнің үздік цирк артистері Алматы манежінде: IV Almaty Circus Festival жеңімпаздары анықталды

Алматы Бүгін 10:13 42
Әлемнің үздік цирк артистері Алматы манежінде: IV Almaty Circus Festival жеңімпаздары анықталды

Алматыда IV Almaty Circus Festival халықаралық цирк өнері фестивалі мәресіне жетті. Бұл Қазақ мемлекеттік циркінің манежінде әлемнің әр елінен келген үздік цирк артистерін тоғыстырған жылдың ең айтулы мәдени мәдени оқиғаларының бірі болды. Бірнеше күн бойы көрермендер заманауи цирк өнерінің биік деңгейін айшықтаған бірегей қойылымдарды, күрделі трюктер мен тұсаукесер нөмірлерді тамашалады.

Өткен жылдар ішінде Almaty Circus Festival манеж шеберлері, жас дарындар, жетекші цирк ұйымдарының басшылары, продюсерлер мен беделді халықаралық фестивальдердің ұйымдастырушылары тоғысатын беделді халықаралық алаңға айналды. Бүгінде фестиваль әлемдік цирк өнерінің маңызды форумдарының қатарынан ойып тұрып орын алып, артистерге кәсіби тұрғыдан дамуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашып келеді.

Байқау бағдарламасына әлемдік цирк өнерінің танымал қайраткерлері, ірі цирк ұйымдары, халықаралық фестивальдер мен продюсерлік компаниялардың жетекшілері енген халықаралық қазылар алқасы төрелік етті.

Фестивальдің ең жоғары марапаты – Бас жүлде Қытайдың Hebei Wuqiao Acrobatic Arts School өнер мектебінің артистері Чжан Хао мен Ли Тянь Мэн орындаған «Double Wire Act» («Еркін сым – керілген арқан») нөміріне бұйырды. Қос өнерпаздың жоғары техникалық шеберлігі, тепе-теңдікті мінсіз сақтай білуі, аса күрделі трюктерді орындаудағы кәсібилігі мен көркемдік шешімі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, байқаудың шарықтау шегіне айналды.

Алтын жүлдеге Франциядан келген Турбелин Матео Антуан мен Савари Элияның жұптық диаболо өнерін паш еткен «Venus» нөмірі, Моңғолияның Урангоо Чинбатар жетекшілік ететін «Selenge» труппасы, сондай-ақ Беларусь мемлекеттік циркінің трапециядағы әуе гимнастары Егор мен Анастасия Коваленконың «Legend» нөмірі лайық деп танылды.

Күміс жүлде Венгрияның Kriko дуэтіне (Зои Криванек пен Бенце Коллар) әуе белдіктеріндегі шебер өнері үшін, Ресейлік артист Ольга Рожковскаяның «Әуе арқаны» нөміріне және Швейцарияның Janine & Fabien дуэті орындаған әуе адажиосына табысталды.

Қола жүлдені Өзбекстанның Sky Angels «Infinity Aliyeva» ұжымы, Украина мен Армения атынан өнер көрсеткен жонглер Давид Емишян, сондай-ақ Надежда Ефименко жетекшілік ететін Шымкент циркінің «Аспан арулары» әуе гимнастары иеленіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты.

Фестивальдің жабылу салтанатында халықаралық қазылар алқасының арнайы сыйлықтары дәстүрлі түрде табысталды. Бұл марапаттар көптеген өнерпаз үшін әлемнің жетекші цирк ареналарына, айтулы халықаралық фестивальдерге жол ашып, жаңа шығармашылық жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.

IV халықаралық Almaty Circus Festival Алматының заманауи цирк өнерінің халықаралық орталықтарының бірі ретіндегі жоғары мәртебесін тағы бір мәрте айқындады. Қатысушылар үшін бұл фестиваль кәсіби шеберлік бәсекесі ғана емес, әлемдік деңгейдегі фестивальдерге шақырту алып, халықаралық келісімшарттар жасауға және цирк индустриясының жетекші өкілдеріне өнерін танытуға мүмкіндік берген маңызды шығармашылық алаң болды.

Фестиваль тағы бір мәрте цирк өнерінің тілі ешқандай аударманы қажет етпейтін әмбебап өнер екенін дәлелдеді. Батылдық пен талант, адам мүмкіндігінің шексіздігі мен ісіне деген адалдық әлемнің әр қиырынан келген артистерді бір манежде тоғыстырып, көрерменге ұмытылмас әсер мен әлемдік цирк өнерінің шынайы мерекесін сыйлады. Қазірдің өзінде IV Almaty Circus Festival Қазақстанның мәдени өміріндегі ең жарқын оқиғалардың біріне айналып, отандық цирк өнерінің халықаралық беделін арттыру жолындағы маңызды белес болғанын нық сеніммен айтуға болады.

Еске сала кетейік, IV халықаралық Almaty Circus Festival фестивалінің мерекелік гала-концерті 23 тамызға дейін жалғасады. Алматы тұрғындары мен қала қонақтары әлемнің жетекші цирк артистері орындауындағы бірегей қойылымдарды, таңғажайып трюктерді және фестивальдің үздік нөмірлерін тамашалай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Цирк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында 8 шақырымнан астам су құбыры және кәріз желілері жаңартылып жатыр

Бүгін 09:31

«Бұл – жаңа дәуірдің бастауы». Актер Бақыт Тушаев қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Кеше 18:23

Алматы жастары қала тұрғындарын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Кеше 18:20

ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер белгілі болды

Кеше 15:33

Алматыда көптонналы жүк көлігі бетон қоршауға соғылды

Кеше 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);