ffin.kz

Әлемнің әр елінде 8 наурыз мерекесі қалай аталып өтеді?

Әлемнің әр елінде 8 наурыз мерекесі қалай аталып өтеді? Сурет: Tengrinews.kz

Халықаралық әйелдер күні әлемнің 27 елінде мерекеленеді.


О баста әйел құқығы үшін жаппай наразылықтардан туындаған мереке уақыт өте көп өзгерістерге ұшырады. Көптеген халықтар үшін 8 наурыз әйелдердің ғылымға, саясатқа және мәдени өмірге қосқан орасан зор үлесін еске салады. Бұл осы тамаша мерекенің себепкерлері болған нәзік жандыларға өз қамқорлығыңызды, құрметіңізді және сүйіспеншілігіңізді көрсете отырып, алғыс айтудың тағы бір себебі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қытайда бұл күні негізінен аналар мен тұрмысқа шыққан әйелдерді құттықтаған жөн саналады


Аспанасты елінде Халықаралық әйелдер күні барынша тыныш өтеді әрі онша еленбейді. Қытайлықтар бұл мерекеге сәл басқаша мағына берді. Өйткені, олар «әйел» сөзін жасы 35-тен асқан ханыммен байланыстырады. Осы жасқа келмеген қытайлық әйелдер өздерін «бойжеткен» деп атағанды ​​жөн көреді. Жас және үйленбеген қыздар тіпті өздерінің жеке мерекелерін белгілеп алған. Ол күн ретінде 7 наурыз - Жас арулар күні аталып өтеді.


8 наурыз күні Қытайда аналар мен тұрмысқа шыққан әйелдерді құттықтау әдетке айналған. Мереке қарсаңында ер адамдар сүйікті жарларына ашықхаттар алып, кішігірім сыйлық пен құмырадағы гүл алады. Қытайлықтардың көбі бұл күні өздерінің үйдгі ханымдарын үй шаруасынан босатып, сол күні мерекелік дастарханды дайындауды өз мойындарына алуға тырысады.


Қытайда 8 наурыз - барлық жұмыс істейтін әйелдердің де мерекесі. Басшылық бұл күні өздерінің нәзік жанды қызметкерлерін қомақты үлестері үшін алғыс білдіреді, ал 2014 жылдан бері көптеген компания әйелдерді арнайы сыйақымен марапаттайды.


Италияда 8 наурыз - жұмыс күні


Италияда Дүниежүзілік әйелдер күні күнтізбеде белгіленгенімен, ресми мереке болып саналмайды. Өйткені оның саяси және әлеуметтік астары бар. Италияның ірі қалаларында 8 наурызда белсенділер мен кәсіподақтар ұйымдастырған халық көп шерулер мен шулы митингілер өтеді. Көшелер әйелдерді қолдайтын жарқын плакаттарға толады. Шерушілердің айтуынша, 8 наурыз мерекесі әйелдердің ғылымдағы, саясаттағы және елдің қоғамдық өміріндегі жетістіктерін еске салатын тамаша мүмкіндік. Италияда әйелдер мерекесінің символы – мимоза бұтағы. Оны нәзік жандыларға деген махаббат пен құрметтің белгісі ретінде беру қабылданған. Бұл дәстүр 1946 жылдан бері бар және ол ұлттық сипатқа ие. Көптеген италиялық нәзік жандылар үшін 8-наурыз әйелдер ынтымақтастығы мерекесі болып табылады. Жас қыздар мен әйелдер оны достарының ортасында, дәмханада немесе мейрамханада жиналуды жөн көреді. Бірақ Италияда 8 наурызда демалыс жоқ болғандықтан, жұмыстан кейін ғана кездеседі екен. 


Куба: жарқын фестивальдер мен революция рухы


Еркіндік аралында 8 наурыз ерекше ауқымда тойланады. Өйткені, бір кездері бұл мереке кубалық әйелдердің өмірін түбегейлі өзгерткен болатын. 1959 жылы Фидель Кастро революция кезінде әйелдердің ер адамдар сияқты батыл және жанқиярлықпен күрескенін мәлімдеді. Осыдан кейін кубалықтардың тағдыры әйелдің немесе ананың мәңгілік рөлімен шектелмейтін болды. Әйелдер өздерін еркін және тәуелсіз сезіне бастады. Сондықтан Кубадағы 8 наурыз мерекесі ерекше мәнге толы. Олар оны шулы, көңілді, нағыз революциялық жігермен тойлайды. Жергілікті тұрғындардың үлкен-кішісінің бәрі көшеге шығып, бір-бірін құттықтап, ән айтып, би билейді. Қаланың орталық алаңдарында түрлі-түсті фестивальдар өтуде. Бостандық аралының түкпір-түкпірінен талантты және атақты әйелдер - жазушылар, ақындар, музыканттар мен суретшілер келеді. Оған кез келген адам келіп, белгілі адамдардың шеберлігінен шабыттана алады.


Мереке күні Куба тек көңіл көтеріп, қыдырымен ғана шектелмейді. Айтулы күн қарсаңында елде кубалық әйелдер федерациясының конгресі өтеді. Оған қатысушы әйелдер саясат, экономика, сонымен қатар, денсаулық сақтау мен әлеуметтік сұрақтарды талқылайды.


8 наурыз Франция мен Германияда кең көлемде аталып өтпейді


Еркіндікті сүйетін Францияда 8 наурыз күні дәстүрлі құттықтаулар мен гүл шоқтарына орын жоқ. Көптеген француз әйелдері үшін бұл, ең алдымен, митингтер мен әйелдер құқығы үшін күрес күні. Жыл сайын көктемнің басында қоғамдық істерге бейжай қарамайтын азаматтар түрлі-түсті плакаттармен көшеге шығып, әйелдердің ғылым мен саясаттағы жеңістері мен жетістіктерін атап өтеді. Сондай-ақ олардың қоғамдағы орны мен еңбек жағдайын жақсартуды жақтайды.


Бірақ елде Әйелдер күнін атап өту әдетке айналмаған. Өздерінің сүйіктілері мен аяулы жандарын француздар Әулие Валентин күні 14 ақпан күні немесе Аналар күні мамырда құттықтағанды жөн көреді.


Әйелдер күнінің пайда болуына себепкер  болған Клара Цеткиннің отанында да  8 наурыз тойланбайды. Германияда бұл мереке тек социалистік өткенді еске түсіреді және ресми мереке немесе демалыс күні болып саналмайды. Бұрын Шығыс Германияда немістер әйелдерін құттықтап келсе, ел біріккеннен кейін 8 наурыз мүлде ұмытылғанға ұқсайды.


Жапония: Қуыршақтар мерекесі мен шабдалы гүлдейтін күн


Жапонияда көктемнің бірінші айы дәстүрлі түрде әйелдерге арналған десе артық емес. 8 наурызда ерлер нәзік жандыларға мимоза гүл шоқтарын беріп, оларға барынша сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсетуге тырысады. Бірақ Жапониядағы басты әйелдер мерекесі - 3 наурыз - Шабдалы гүлдейтін күн немесе қуыршақ фестивалі саналады. Бұл күні барлық жас қыздар мен кішкентай қыздарды құттықтау дәстүрге айналған.Жапондықтар да көп жылдар бұрын қалыптасқан ежелгі дәстүрлерді құрметтейді. Қуыршақ фестивалі қарсаңында қыздар мен әйелдер қағаздан мүсіндер жасап, оларды қағаздан жасалған  қайық сияқты ағыс бойымен жібереді. Жапон әйелдері осылайша барлық қиындықтардан арылып, өмірлеріне қуанышты жайттарды тартуға болады деп сенеді. Мерекенің тағы бір белгісі – әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан фарфор қуыршақтар. Сондай-ақ Жапониядағы қуыршақ фестивалінде бойжеткендер мен қыздарға шай ішу рәсімін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Шай ішу кезінде егде жастағы әйелдер жас қыздарға өзін қоғамда дұрыс ұстауды үйретеді, әдептілік туралы айтады.


Вьетнам: апалы-сіңлілі Чынгтердің ерлігі мен патриотизм


Вьетнамда 8 наурызды тойлауға өте мұқият  қарайды және бұл күнге патриоттық тұрғыда мән береді. Бұл күні бүкіл ел осыдан екі мың жылдай бұрын туған жерін қорғаған апалы-сіңлілі Чынгтардың ерлігін құрметтейді. Ержүрек қыздар қоршауда қалған кездерінде жау тұтқынына айналмау үшін өз-өзіне қол жұмсау туралы батыл шешім қабылдаған екен. Роза Люксембургтің немесе Клара Цеткиннің ерлігі туралы вьетнамдықтардың бәрі бірдей біле бермейтін шығар, бірақ Чынг Чак пен Чынг Нидің тарихын бір емес, бірнеше ұрпақ естерінен шығармай келеді. Апалы-сіңлілерді еске ала отырып, жергілікті тұрғындар елдің барша қыз-келіншектерін құттықтайды. Вьетнамда барлық жерде жаппай мерекелер, фестивальдар мен шулы мерекелік концерттер өтеді.


Қазақстанда бұл күні қыздар қауымының құшақтары гүлге толады


Ал елімізде бұл күні кішкентай қыздардан бастап, үлкен әжелерімізге дейін құшақтары гүлге толады. Мерекені тойлау екі-үш қарсаңында басталып, барынша кең аталып өтеді. Қазақстанда 8 наурыз - ресми мереке, яғни жұмыс күні болып саналмайды. Бұл күні жалпы нәзік жандылардың бәріне барынша ілтипат пен құрмет көрсетіліп, бір жағынан аналар күні ретіндегі сипаты да басым. Көктемнің алғашқы мерекесін, әсіресе, сол күннің себепкерлері, қыздар қауымы асыға күтеді. Келе жатқан мереке құтты болсын!


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04