Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемде лудоманияға шалдыққандар көбейген

Әлемде лудоманияға шалдыққандар көбейген

Әлем 19.06.2024, 18:10 728
Әлемде лудоманияға шалдыққандар көбейген
Сурет: Dzen.ru

Жер жүзінде 350 миллион адам лудоманиядан зардап шегіп отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі осындай. Құмар ойын әсіресе АҚШ, Германия, Канада және Қытайда табысты бизнеске айналған.

 Бұл елдерде миллиондаған адам осы бір індеттің шырмауынан шыға алмай жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Лудомания бойынша көш бастап тұрған ел – АҚШ.

Тұрғындардың 85 пайызы өмірінде кемі бір рет құмар ойын ойнаған. Ал 40 пайызы жылына бір мәрте ойынханаға бас сұғып тұрады екен. Мұнан бөлек, спорттық ойындарға ұтыс тігетіндер де көп. Ол әсіресе жастар арасында танымал. Мамандар елде ойынқұмарлық әдетке алкогольдік пен есірткіге тәуелділік қосылып, психикалық ауруға шалдыққандар саны артып барады дейді. 

Германияда лудоманияға шектеу жоқ

Германияда лудоманияға шалдыққан миллионнан аса адам бар. Тағы 3 миллион тұрғында құмар ойынға тәуелділіктің алғашқы белгілері байқалған. Мұны соңғы зерттеулер көрсеткен. Өйткені мұнда түрлі онлайн-платформалар мен ойын автоматтары және казино қолжетімді. Ойынханалардың жарнамасы жер-жерде ілулі тұрады. Соған қарамастан заңсыз жұмыс істейтіндер кездеседі.

Михаэль Ризе, алдын ала көмек көрсету орталығының қызметкері: "Германияда құмар ойындарды шектеу бойынша әр өңірдің ережесі әртүрлі. Сондықтан әр федералдық аумақтың басшылығы өз бетінше шешім қабылдайды. Мысалы, Берлинде ойынханалар мен букмекерлік кеңселер мектептен кемі 200 метр, ал бір-бірінен 500 метр қашықтықта орналасуы керек. Осы талапқа сай келмегендерінің біразы жабылды. Құмар ойнаушылар саны да едәуір азайды."

Қытай заңсыз ойынға қарсы күресті күшейтті

Қытайда құмар ойындар – табысты бизнес түрі. Негізі бұл елде құмар ойынға тыйым бар. Тек казино орталығы саналатын Макаода шектеу жоқ. Өз елінде ойнай алмаған тұрғындар шетелде ойынхана табалдырығын жиі тоздырады. Сыртқа шығарылған заңсыз капиталдың бестен бірі – құмар ойынның үлесіне тиесілі. Сондықтан Қытай билігі заңсыз онлайн-платформалармен күресті күшейткен.

Жапония жастары құмар ойын құрығына іліккен

 Жапония халқы көше бұрыштарындағы ойын автоматтарына әуестеніп алған. Тұрғындардың 3,6 пайызында құмар ойынға тәуелділік бар. Әсіресе 15 пен 30 жас аралығындағылар лудоманияға байланған. Бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсер етіп отыр. Кей жағдайда ойынға тәуелділік соңы қылмысқа әкеп соғып жатады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #лудомания #Құмар ойын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика