Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлем елдерінің басшылары Республика күнімен құттық...

Әлем елдерінің басшылары Республика күнімен құттықтап жатыр

Әлем 25.10.2023, 09:35 1,336
Әлем елдерінің басшылары Республика күнімен құттықтап жатыр
Сурет: интернеттен

Құттықтау жеделхаттары әлі де толастар емес.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп  жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас Қазақстан халқын Ұлттық мерекемен құттықтап, елімізге бақ-береке тіледі.



«Тіл, тарих және мәдениет сияқты ортақ құндылықтарымызға негізделген қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Екі елдің ынтымақтастығы жаңа салалармен толыға түскені қуантады. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесінде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстар одан әрі нығая беретініне сенімдімін. Сізбен Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде кездесетініме қуаныштымын», – делінген жеделхатта.



Словакия Президенті Зузана Чапутова Мемлекет басшысына тұрақты, әділетті және бақуатты Қазақстанды дамытуға бағытталған реформаларды іске асыруда табыс тіледі. Сондай-ақ ол халықаралық құқық қағидаттарын құрметтеуге негізделген өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде елдеріміз қазіргі заманның сын-қатерлерін бірге еңсеретініне сенім білдірді.


Сербия Президенті Александр Вучич өзінің жеделхатында екі ел арасындағы өзара құрмет пен түсіністікке құралған дәстүрлі достық қатынастардың нығайып келе жатқанын атап өтті. Александр Вучич Сербия және Қазақстанның мүддесі мен игілігі жолындағы өзара ықпалдастық алдағы уақытта да кеңейеді деп сенетінін жазған.


Сонымен қатар өз құттықтауларын Литва Президенті Гитанас Науседа, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов және басқалар жолдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеделхат #Тоқаев #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49

Алматылықтардың зәресін алған қыздар елден шығарылды

Бүгін 10:14

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика