Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады Сурет: Prosports.kz

Бублик 6:1, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.


Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Үлкен дулыға» жарысы - Ұлыбритания ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық теннисші әлемнің 59-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты. Бублик 6:1, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық спортшы 16 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Александр екінші айналымда әлемнің 64-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичпен күш сынасады. Бүгін сондай-ақ Михаил Кукушкин кортқа шығады. Оның қарсыласы - америкалық Дженсон Бруксби.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:28

12:19

12:05

11:47

11:34

11:18

11:05

10:54

10:44

10:32

10:22

10:10

09:48

09:29

09:10

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33