Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Александр Бублик шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында...

Александр Бублик шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында «Мен - қазақпын» деген мәлімдеме жасады

Спорт 29.04.2022, 03:18 1,706
Александр Бублик шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында «Мен - қазақпын» деген мәлімдеме жасады
Сурет: Inform.kz

Александр Бублик: «Дэвис кубогында, Азия және Олимпия ойындарында Қазақстан атынан шығатынымды мақтан етемін»


Теннисші алдағы уақытта болатын ірі додаларға Қазақстан атынан шығатынын мақтан ететінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қос азаматтыққа жол беріл­мей­тіндіктен, менде ресейлік төлқұжат жоқ. Менің Ресей теннис федерация­сымен де ешқандай байланысым жоқ. Мен – қазақпын! Алты жылдай уақыт бойы мен өз елімнің намысын қорғап келемін. Мен Дэвис кубогында, Азия және Олимпия ойындарында Қазақстан атынан шығатынымды мақтан етемін», - деді Александр Бублик.



Бублик журналистердің  қитұрқы сұрағына осылайша нақты жауап қайтарды. Мұндай сұрақтың қойы­луы да заңды. Өйткені теннисші  1997 жылы Ресейдің Гатчина қала­сында дүниеге келген. Ал 2016 жылдан бастап Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп келеді. Үлкен спортта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізбеген, спортшы ретінде әлі таныла қоймаған 19 жастағы жігітке Қазақстан  тарапынан үлкен сенім көрсетілді. Оның мықты теннисші болып қалыптасуына біздің елде барлық жағдай жасалды. Нәтижесі де көп күттірген жоқ. 2016 жылы әлемдік рейтингте 200-орында тұрған Бублик алты жылдың ішінде үздік 40 теннисшінің қатарына қосылды. Тіпті әлемнің мықты спортшылары Бубликпен санасатын болды. «Үлкен дулыға» турнирлерінің жекелеген бәсекесінде ол жыл сайын үшінші кезеңге дейін жетіп жүрген болса, биыл жұптық бәсекеде алғаш рет Франция ашық біріншілігінің финалында өнер көрсетті.


Сондай-ақ ол Қазақстан құрамасы сапында да көптеген нәтижеге қол жеткізді. Мәселен, Бублик бас­таған жігіттер жыл сайын Дэвис кубогының финалдық кезеңінде бақ сынайды. 2018 жылы жазғы Азия ойындарында Денис Евсеевпен бірге жұптық сында күміс медаль жеңіп алса, былтыр алғаш рет ел намысын Токио Олимпиадасында қорғады.


Алты жыл бойы Қазақстанның намысын қорғап,  үлкен жетістікке жетіп келе жатқан Александр Бублик алдағы уақытта да елдің мерейін асқақтата беретіні анық. «Қазақ» екенін әлемге әйгілеген  теннисші туған елін жетістігімен қуанта берсін деп тілейміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #спортшы #Бублик #мәлімдеме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика