конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300...

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады

Алматы Бүгін 09:43 41
Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады

Осы сенбі және жексенбі күндері Алматыда өтетін демалыс күнгі жәрмеңкелерде тұрғындарға 300 тоннаға жуық ет, көкөніс және жеміс-жидек өнімдері ұсынылады. Жәрмеңкеге Алматы қаласы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 318 фермер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысады.

Келушілер картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша, қияр, қызанақ, алма секілді жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидектерді, сондай-ақ сиыр, қой, жылқы, шошқа және құс етін сатып ала алады. Жалпы сауда алаңдарында мыңнан астам түрлі өнім ұсынылады.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастыратын демалыс күнгі жәрмеңкелер отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өнімдерін делдалсыз, тікелей әрі қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жәрмеңкелер Алматының Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Жетісу сынды бес ауданында жұмыс істейді.

Сонымен қатар «Алматы» ӘКК демалыс күнгі жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазіргі кезде Бостандық ауданындағы (Қазақфильм шағынауданы) жәрмеңке жаңартылып, оның ресми ашылуы тамыз айына жоспарланған. Сондай-ақ Әуезов ауданындағы жәрмеңке де жаңғыртылып жатыр. Осыған байланысты бұл аудандағы жәрмеңке уақытша Рысқұлбеков көшесі, 33/2 мекенжайына көшірілді.

Жаңғырту аясында сауда алаңдары кешенді түрде жаңартылып, іргелес аумақ көркейтіледі, санитарлық инфрақұрылым жақсартылады, сауда орындары жаңартылып, инженерлік желілер тартылады. Сонымен қатар кәсіпкерлер мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ нысандарды қолданыстағы заңнама талаптары мен Алматы қаласының дизайн-кодына сәйкестендіруге ерекше көңіл бөлінеді.

«Алматы» ӘКК демалыс күнгі жәрмеңкелерді жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жалғастырып, алдағы уақытта қаланың барлық сегіз ауданын қамтуды жоспарлап отыр.

Демалыс күнгі жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

• Бостандық ауданы – Қазақфильм шағынауданы;

• Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

• Медеу ауданы – Меңдіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;

• Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;

• Жетісу ауданы – Құлагер шағынауданы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жәрмеңке #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында «Қауіпсіз үй» рейдтері басталды

Бүгін 10:38

Алматы әкімдігі бұрынғы трамвай депосының орнына не және қашан салынатынын айтты

Бүгін 10:35

Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан Қазақстанның халық артисі Әлібек Дінішевті 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Кеше 17:32

”Жеке менеджер” сервисі: мемлекеттік қызметті алу қалай жеңілдейді?

Кеше 17:21

Алматыдағы Есентай жағалауы кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Кеше 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);