AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алатау ауданындағы №1 балабақшада бүлдіршіндердің...

Алатау ауданындағы №1 балабақшада бүлдіршіндердің жеке жасанды қалашығы пайда болды

Білім және ғылым 01.03.2024, 13:00 1,783
Алатау ауданындағы №1 балабақшада бүлдіршіндердің жеке жасанды қалашығы пайда болды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл орталықты Сингапурда тағылымдамадан өтіп келген тәрбиешілер жүзеге асырды.


Сингапурлық тәжірибенің ерекшелігі – мектеп жасына дейінгі балалардың әлемді зерттеуіне, шығармашылық дағдысын дамытуына көмектесетін жасанды қала құру, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Соның негізінде №1 балабақша балақайлары тәрбиешілермен бірігіп жеке полиция бөлімшесі, дүкені және дәрігерлік кабинеті бар «Арман қала» декорациясын құрастырды. Бұл қалашықта балалар емін-еркін ойнау үшін барлық жағдай жасалған.



145 бала тәрбие алып жатқан бұл даму орталығында 9 бөлме бар. Әр бөлме балалардың шығармашылық дағдысын дамытуға бағытталған: инклюзия, монтессори, кітапхана, зертхана, көркем өнер бөлмесі, тұзды шахта, сонымен қатар, логопед пен психолог жұмыс істейтін кабинеттер де бар.


Балабақша меңгерушісі Қымбат Қарабалаеваның айтуынша, балалар өз қолымен бұйымдар дайындау арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады. Осылайша бүлдіршіндер өз әлемінің кішкентай құрастырушысы бола білді.


Бұған қоса, балабақша өндірістік мекемелермен экскурсиялар өткізуге келісім-шартқа отырған. Олардың қатарында тауарлы-сүт фермасы, «Qamshy Brand» наубайханасы, тері бұйымдарын жасайтын цех бар.


Осылайша балабақша тәрбиешілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары балалардың ой-өрісін кеңейтуге, сыни тұрғыдан ойлау, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Балалардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізді.



Сонымен бірге, орталықта балалардың сөйлеу қабілетін дамытып, тілін жаттықтыру мақсатында театр ашылды. Мұнда барлық бала шағын қойылымдарға қатысып, әртістік өнерін де шыңдап келеді. Бұл балалардың мектепке дейін зейінін қалыптастырып, шығармашылық әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді.


Атап өтсек, 2023 жылдың шілде айында Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру» курсы бойынша Сингапурда тағылымдамадан өткен болатын.


Жақында мұнда «Балабақшадағы зерттеушілік іс-әрекет арқылы балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жетекшілеріне оқытудың, оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қолдаудың және ынталандырушы оқу ортасын құрудың озық тәжірибелері мен бірегей әдістері ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сингапур #балабақша #тәжірибе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);