AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алатау ауданында қоғамдық белсенділер мен мәдениет...

Алатау ауданында қоғамдық белсенділер мен мәдениет өкілдерінің қатысуымен ауқымды сенбілік өтті

Барлығы 28.06.2025, 18:30 795 Сұлу
Алатау ауданында қоғамдық белсенділер мен мәдениет өкілдерінің қатысуымен ауқымды сенбілік өтті
Алматы әкімдігі

Зерделі ықшамауданының тұрғын үй массивіндегі аулада  сенбілік өтті. Тұрғындар танымал әртістер, спортшылар, депутаттар және қоғам белсенділерімен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында аумақты тазалады.

Іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті:

"Адамдар, ең алдымен, өздері тазалықты сақтау керек: өзінен кейін тазалап, қоқыс тастамай, ағаштарды сындырмауы керек. Табиғатқа ұқыпты қарауды бала кезден үйрету қажет. Бұл – барлық алматылық үшін ортақ іс, қаланы бірге таза ұстайық", – деді ол, акцияға белсене қатысқандарға алғысын білдіре отырып.

Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Махамбет Хасенов бұл маңызды іске азаматтардың бірігуі қажет екенін айтты:

"Акцияның табысты өтуі әрбір алматылықтың белсенділігіне тікелей байланысты. Тәжірибе тұрғындар экологиялық мәселелерге барған сайын көбірек көңіл бөле бастағанын, бұл бағытты әрі қарай дамыту керегін көрсетті. Бұл орайда белсенділер мен қоғам өкілдерінің рөлі зор", – деді ол.

Тазалық және көркейту шарасына танымал актерлер, әншілер, ақындар мен спортшылар да қатысты. Олар өз үлгілерімен табиғатты аялау және тазалық сақтау жолындағы экологиялық бастаманы қолдады. Қатысқандар қатарында: актерлер Санжар Мәди, Тәуекел Мүслім, Жан Байжанбаев, Еркебұлан Дайыров, Ерден Төлемісов, Мақсат Сабитов, Жандос Айбасов, Жайдарбек Күнгожинов, Ұлан Нүсіпәлі, Бақыт Тұшаев, Тимур Пиязов, Ондасын Бесікбасов; әншілер Бақтияр Тайлақбаев пен Інжу Ануарбек, ақындар Мөлдір Айтбай мен Алмас Ахметбекұлы, армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Спатай Темір, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Амантай Берғалиұлы және басқалар бар.

 

Танымал театр және кино актері Жан Байжанбаев акцияның маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді:

"Тазалық – әркімнің өзінен басталады. Қоқысты көргенде өзің де ұялып, біртүрлі болып қаласың ғой. Бірақ кейінгі кезде қаламыз барған сайын тазарып келе жатқанын байқаймын. Бұл акцияның маңызы өте зор", – деді Жан Байжанбаев.

Жергілікті тұрғындар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, осындай шаралардың тұрақты түрде өткізіліп тұруына үміт білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сенбілік #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);