Алан Құрманғалиев халықаралық турнирдің чемпионы атанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Швецияның Хельсингборг қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Helsingborg халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарысқа 25 елдің спортшылары қатысты.
U19 жас санатында қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушылары – Эльмира Алиева мен Тоқтамыс Хасенов) тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
Жарыс барысында қазақстандық спортшы:
Хьюго Джобсты (Швеция) – 3:0
Обада Таббахты (Швеция) – 3:0
Балаж Поорды (Венгрия) – 3:1
Абхинандх Прадхивадхиді (Үндістан) – 3:2
Ян Мругаланы (Польша) – 3:0
Йохан Хавстинді (Дания) – 3:1
Самуэль Михнаны (Польша) – 3:1 есебімен жеңді.
Осы жеңісінің арқасында Алан жастар арасындағы әлемдік рейтингке 1000 ұпай еншілеп, турнир чемпионы атанды.