AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әкім орынбасары Алмасхан Сматлаев Алматы қысқа тол...

Әкім орынбасары Алмасхан Сматлаев Алматы қысқа толық дайын екенін мәлімдеді

Барлығы 10.12.2025, 17:42 384
Әкім орынбасары Алмасхан Сматлаев Алматы қысқа толық дайын екенін мәлімдеді
Алматы әкімдігі

Алматыда қысқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді: арнайы техникалар паркі рекордтық 1030 бірлікке дейін ұлғайтылды, көше тазалауға 2700-ден астам жұмысшы жұмылдырылды, заманауи қар ерітетін пункттер іске қосылып жатыр, ал "Алматы Тазалық" алғаш рет тәулік бойы жұмыс істейтін үш ауысымдық жүйеге өтті. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. 

Алматыда алғашқы қар 4-5 қарашада жауды және соңғы жылдардағы ең қалың қар болды: таулы аймақта қардың қалыңдығы 50 сантиметрден асты, қала ішінде шамамен 20 сантиметрге жетті. Күннің күрт суытуына және қардың көп жауғанына қарамастан, коммуналдық қызмет магистральдар мен аула аумақтарындағы қарды тездетіп күреді. 3 мың текше метрден астам қар шығарылып, 1,5 мың тоннадан астам көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.
 
Әкім орынбасарының айтуынша, биыл алғаш рет қар ерітетін станциялар іске қосыла бастады. Әуезов ауданы аумағындағы алғашқы пункт тәулігіне 1200 текше метр қар еріте алады. Екінші бекет Бостандық ауданында жыл соңына дейін канадалық технология негізінде іске қосылып, тәулігіне 4 мың текше метрге дейін қар ерітеді. 2026 жылы Медеу және Алмалы аудандарында тағы екі кешен ашылады.
 
"Алматы Тазалық" үшін биылғы жыл ерекше маңызды болды: кәсіпорын қызметкерлерінің саны 1560 адамнан 3169 адамға дейін көбейді, ал жол саласындағы жұмысшылар 638 адамнан 2000 адамға дейін артты. Техникалар паркі алғаш рет мың бірліктен асып, 330 жаңа техника сатып алынды. Жұмыс кестесінің үш ауысымға көшуі түнгі және ерте таңғы тазарту жұмыстарын жүйелі жүргізуге мүмкіндік берді.

Бұған қоса, қызметкерлерге арналған жағдай жақсарды: модульдік пункттер салынды, базалар жаңартылды, 112 орындық жатақхана бөлінді және кәсіпорынның жаңа тұрғын қорынан қосымша 262 орын қарастырылды.

"Біз ауа райына тәуелді емеспіз. Қар қай уақытта жауса да, қала дайын тұруы керек. Қазір жедел әрекет ету жүйесі тәулік бойы жұмыс істейді, ал жаңа қар ерітетін пункттер көшелерді тазарту жұмысын айтарлықтай жеделдетеді", – деді Алмасхан Сматлаев.

Сондай-ақ, ол келесі жылдан бастап қалада "Бір аудан – бір мердігер" моделі енгізілетінін, бұл аудандық көшелерді тазалаудың сапасы мен жауапкершілігін күшейтетінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Иранда жаппай наразылықтардан кейін үш адамды өлім жазасына кесті

Бүгін 15:26

Астана 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізеді

Бүгін 15:12

Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?

Бүгін 14:25

Алматыда дәрігерлер 25 келі алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалды

Бүгін 14:07

Бибигүл Жексенбай алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғаудағы олқылықтарды атап өтті

Бүгін 13:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика