AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Айына 120 мың теңге": ДСМ қазақстандық дәрігерлер...

"Айына 120 мың теңге": ДСМ қазақстандық дәрігерлердің жалақысына түсініктеме берді

Мұны білген жөн 11.11.2025, 17:39 405 Дина
"Айына 120 мың теңге": ДСМ қазақстандық дәрігерлердің жалақысына түсініктеме берді
Сурет: Ашық дереккөз

Вице-министр денсаулық сақтау жүйесіндегі жалақы мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов әлеуметтік желіде патологоанатомның төмен жалақы жайлы жазбасына қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, қазақстандық дәрігерлердің еңбекақысы расында да жеткіліксіз.

"Дәрігерлер аз алады. Әлемде клиникалық медицина ең жоғары ақы төленетін салалардың бірі. Бірақ елдегі қазіргі экономикалық жағдайды ескеруіміз керек. Өкінішке қарай, бұдан артық деңгейде қамтамасыз ете алмай отырмыз", – деді Мұратов Үкіметтегі брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, ауруханалар мен емханалар ақысыз медициналық көмектің кепілді көлеміне кірмейтін және ӘМСҚ арқылы өтелмейтін қосымша ақылы қызметтер көрсету арқылы қосымша табыс таба алады.

"Мысалы, босанушы әйелдер нақты дәрігерді таңдауды қаласа, бұл – ақылы сервис. Түскен қаражат мекемеде қалмайды, қызметкерлерге дифференциалды төлем немесе сыйақы ретінде беріледі", – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ Мұратов дәрігерлердің айлық деңгейі міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тікелей тәуелді екенін атап өтті.

"Жұмыс беруші мен қызметкердің жарналары жоғары елдерде, мысалы, Оңтүстік Кореяда, дәрігерлердің жалақысы да айтарлықтай жоғары", – деді вице-министр.

Оның мәліметінше, Қазақстанда дәрігерлердің медиандық айлығы шамамен 400 мың теңге. Бұған дейін министр Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында дәл осындай дерек келтірген. Ал экс-министр Ажар Ғиният 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңгеге жетеді деп мәлімдеген еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);