конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Айнұр Идрисова: «Қазақстанда мемлекеттік қызметшіл...

Айнұр Идрисова: «Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін бүгінде бір диплом жеткіліксіз»

Мұны білген жөн 01.06.2026, 19:16 16 Сұлу
Айнұр Идрисова: «Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін бүгінде бір диплом жеткіліксіз»

Жасанды интеллект, деректермен жұмыс істеу және жобалық ойлау мемлекеттік қызметшілер үшін біртіндеп міндетті құзыреттерге айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік басқарудың философиясын түбегейлі өзгертіп, алгоритмдер мен цифрлық технологияларды жай ғана ыңғайлы қызмет емес, азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыратын және билік жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін негізгі драйверге айналдыруда. Алдағы он жылда елге қандай мамандар қажет болады? Мемлекеттік қызметшілер неге цифрлық өнім әзірлеушілер сияқты ойлауға тиіс? Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры, мемлекеттік қызметті цифрлық трансформациялау мен басқарушы кадрларды даярлау саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар Айнұр Идрисова өз сұхбатында айтып берді.

– Бүгінде цифрлық трансформация экономиканың барлық саласын қамтып отыр. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқаруға қалай әсер етеді?

– Қазіргі таңда мемлекеттік басқару соңғы бірнеше онжылдықтағы ең ауқымды өзгерістерді бастан өткеріп жатыр. Осыдан он-он бес жыл бұрын тиімді болған тәсілдер бүгінде толыққанды нәтиже бере алмайды. Мемлекет күн сайын орасан зор көлемдегі ақпаратты өңдейді, цифрлық форматта жүздеген мемлекеттік қызмет көрсетеді және азаматтармен нақты уақыт режиміне өзара әрекеттеседі.

Сондықтан мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар да өзгерді. Енді заңнаманы жақсы білу немесе әкімшілік рәсімдерді меңгеру жеткіліксіз. Мемлекеттік қызметші цифрлық платформалардың жұмысын түсінуі, деректерді талдай алуы, интеллектуалды жүйелерді пайдалана білуі, жедел шешім қабылдап, оның салдарын болжай алуы қажет. Бүгінде біз мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениеті қалыптасып жатқанын көріп отырмыз.

– Қазіргі уақытта диплом мемлекеттік қызметшінің басты артықшылығы болудан қалды деуге бола ма?

– Әрине. Арнайы білім әлі де маңызды негіз болып қала береді. Бірақ бүгінгі күні ол табысты мансаптың кепілі емес. Өйткені әлем өте жылдам өзгеруде.

Бұрын мемлекеттік қызметшіден ең алдымен нормативтік рәсімдерді сапалы орындау талап етілсе, бүгінде одан бастамашылдық, жобаларды басқару, инновацияларды енгізу және жаңа технологияларды пайдалану қабілеті күтіледі.

Біз Академия тыңдаушыларына үнемі «Диплом – мамандыққа жол ашатын құрал ғана. Ал сол мамандықта дамуға үздіксіз білім алу мен жаңа құзыреттерді игеруге дайын болу мүмкіндік береді» деп айтамыз.

– Алдағы бес-он жылда мемлекеттік қызметшілер үшін қандай дағдылар шешуші рөл атқарады?

– Бірнешеуі бар.

Біріншісі, цифрлық сауаттылық пен деректермен жұмыс істеу қабілеті. Екіншісі – жобалық ойлау және өзгерістерді басқару. Үшіншісі – сервистік дизайн мен азаматқа бағдарланған қызмет көрсету мәдениеті.

Қазіргі мемлекет біртіндеп сервистік ұйымға айналып келеді. Азаматтар қабылданған құжаттардың санын емес, көрсетілген қызметтің сапасын бағалайды. Сондықтан мемлекеттік қызметші кез келген мемлекеттік процесті азаматтың көзімен көре білуге тиіс.

Сонымен қатар дамыған коммуникациялық қабілет, дағдарыс жағдайында жұмыс істеу дағдылары, этика, жауапкершілік және ұдайы біліктілікті арттыруға дайындық аса маңызды. Қазіргі өзгерістердің қарқыны білім алуды үздіксіз процеске айналдырып отыр.

– Неліктен жаңа буындағы мемлекеттік басқарушыларын даярлау алаңы ретінде Алматы ерекше орын алады?

– Алматы – еліміздің ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан мегаполисі. Халық санының өсуі, көлік жүктемесі, экологиялық мәселелер, жоғары іскерлік белсенділік және қоғамның сапалы мемлекеттік қызметке деген сұранысы басқарудың мүлде жаңа тәсілдерін талап етеді.

Осындай ортада жұмыс істеу басқарушыларды жағдайды жедел талдауға, көптеген факторларды қатар ескеруге және стратегиялық шешім қабылдауға үйретеді. Сондықтан кадрларды даярлау мемлекет қызметшілері күнделікті кездесетін нақты басқарушылық міндеттерге барынша жақын құрылған.

– Қазіргі таңда үлкен деректер мен жасанды интеллект туралы көп айтылып жүр. Олар мемлекеттік аппараттың жұмысын қаншалықты өзгертеді?

– Айтарлықтай өзгертеді.

Бұрын мемлекеттік қызметші шешімдерді негізінен құжаттар мен өзінің тәжірибесіне сүйеніп қабылдайтын. Қазір үлкен деректерді талдау, болжамдық модельдер және жасанды интеллект құралдарын пайдалану мүмкіндігі пайда болды.

Бүгін біз мұндай технологиялардың Мемлекеттік басқарудың бір бөлігіне айналғанын көріп отырмыз. Мысалы, Алматы қаласында жасанды интеллект негізінде жүзеге асырылып жатқан жобалар мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясына тың серпін беруде.

Қазақстанда алғаш рет Алматыда 54 мыңнан астам бейнекамераны біріктіретін Бірыңғай қалалық бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Жыл соңына дейін олардың саны 70 мыңға дейін жеткізіледі деп жоспарланған. Жасанды интеллект алгоритмдері адамдардың көп шоғырланған орындарын анықтай алады, күмәнді заттарды байқайды, адамдар мен көліктерді іздейді және қоғамдық тәртіптің бұзылуын тіркейді. Алдағы уақытта оның қызмет ету аясы кеңейеді: жүйе заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау, қаруды тану, қоғамдық көліктегі бейнеағындарды талдау және ақпаратты қалалық қызметтерге автоматты түрде жолдау мүмкіндіктерімен толықтырылады. Сонымен қатар Open Almaty қоғамдық қабылдауымен бірлесіп, қоқыс контейнерлерінің толып кетуін автоматты анықтайтын пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

Тағы бір маңызды мысал – Алматы қаласының Ситуациялық орталығы. Мұнда машиналық оқыту және жасанды интеллектінің басқа да технологиялары негізінде бес функционалдық модуль әзірленген. Атап айтқанда, қылмыс деңгейі мен халық тығыздығы жөніндегі үлкен деректерді талдау арқылы қаланың криминогендік карталары жасалады. Бұл жаңа учаскелік полиция пункттерін немесе SOS дабыл түймелерін орналастыру сияқты басқарушылық шешімдерді әлдеқайда дәл қабылдауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллектінің мемлекет үшін негізгі құндылығы да осында. Ол адамның орнын алмастырмайды, керісінше деректерге негізделген, дәл әрі уақытылы шешім қабылдауға көмектесетін құралға айналады.

– Академия AI-Qyzmet жобасын жүзеге асырды. Оның мақсаты қандай болды?

– Бұл жобаның негізгі мақсаты жасанды интеллектімен жұмыс істеудің базалық мәдениетін қалыптастыру болды.

Жасанды интеллект министрлігімен және Astana Hub-пен бірлесіп 50 мыңнан астам мемлекеттік қызметші оқытылды.

Технологиялардың мүмкіндіктері, оларды қолданудағы шектеулер, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, ЖИ пайдалану үшін жауапкершілік және мемлекеттік басқаруға осындай шешімдерді этикалық енгізу қағидаттары туралы айтылды.

– Сіз тиімді ойлау туралы жиі айтасыз. Бұл мемлекеттік қызметшілер үшін неге маңызды?

– Өйткені бүгінде мемлекет цифрлық өнімдер жасап жатыр.

Мемлекеттік қызмет көрсету порталдары, мобильді қосымшалар, электрондық өтініштер, цифрлық сервистер – мұның бәрі миллиондаған азамат күн сайын пайдаланатын нақты өнімдер.

Егер мемлекеттік қызметші пайдаланушының жолы қалай жобаланатынын, гипотезалардың қалай тексерілетінін, қолданушылардың мінез-құлқы қалай талданатынын және цифрлық қызметтердің қалай жетілдірілетінін түсінбесе, онда цифрлық трансформация үстірт деңгейде ғана қалады.

Әркім бағдарламашы болуы міндетті емес. Бірақ цифрлық шешімдердің қалай жасалатынын түсіну бүгінгі күні аса қажет.

– Академиядағы оқу жүйесі қалай өзгерді?

– Түбегейлі өзгерді.

Соңғы он жылда Қазақстанның мемлекеттік қызметі негізінен әкімшілік жүйеден кәсіби, цифрлық әрі сервистік мемлекеттік аппарат моделіне көшті. Реформалардың негізгі бағыттары – меритократия, цифрландыру, кадрлық әлеуетті дамыту, мемлекеттік басқарудың ашықтығы және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлану. 2030 жылға дейінгі мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасы адамға бағдарланған, икемді әрі тиімді мемлекеттік басқару жүйесіне көшуді көздейді.

Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясына және жаңа буын мамандарына сұраныстың артуына жауап ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы «Цифрлық мемлекеттік басқару» және «Мемлекеттік сектордағы цифрлық талдау және жасанды интеллект» атты магистратураның жаңа білім беру бағдарламасын енгізді. Бұл бағдарламалар цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүзеге асыра алатын, мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясын басқара алатын, жасанды интеллектіні, деректерді талдау жүйелерін және заманауи цифрлық сервистерді мемлекеттік секторға енгізе алатын жаңа буын басшыларын даярлауға бағытталған. Оның іске қосылуы мемлекеттік қызметтің дәстүрлі әкімшіліктен цифрлық, адамға бағытталған және деректерге негізделген мемлекеттік басқаруға ауысуын көрсетеді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің көшбасшылық құзыреттерді дамытуға, заманауи корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ тұрақты түрде біліктілікті арттыруға және жаңа сын-тегеуріндерге дайын болуға бағдарланған үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

– Академия шетелдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық орнатқан. Бұл тыңдаушыларға қандай мүмкіндік береді?

– Халықаралық әріптестік білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Біз Vrije Universiteit Brussel, Миколас Ромерис университеті, Сейняйоки қолданбалы ғылымдар университеті, Сиракуз университетінің Максвелл мектебі және Мохаммед бин Рашид атындағы мемлекеттік басқару мектебімен ынтымақтастық орнатқанбыз.

Тыңдаушылар екі апталық тағылымдамадан өте алады, серіктес университеттердің бірінде жеке оқу модульдерін меңгереді немесе қос диплом бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл үздік халықаралық тәжірибені меңгеруге, кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және алған білімді Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінде қолдануға мүмкіндік береді.

– Оқу бағдарламалары қаланың нақты мәселелерімен қаншалықты байланысты?

– Өте тығыз байланысты.

Қайта даярлау курстары барысында филиал тыңдаушылары қаланың нақты мәселелерін шешуге бағытталған жобаларын әзірлейді.

Биыл қоғамдық көлікте бірыңғай төлем жүйесін енгізу, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерін интеллектуалды жарықтандыру, азаматтардың өтініштерін өңдеуге арналған жасанды интеллект көмекшісін жасау және e-Otinish платформасын жетілдіру бойынша бастамалар ұсынылды.

Үздік жобалар құрамына жобалардың бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілген комиссиядан іске асыруға ұсыным алады. Біз үшін білім алу диплом қорғаумен аяқталмай, мемлекетке нақты пайда әкелуі маңызды.

– Он жылдан кейінгі қазақстандық мемлекеттік қызметшіні қалай елестетесіз?

– Меніңше, бұл мемлекеттік басқару мәселелерінде де, цифрлық ортада да өзін сенімді сезінетін маман болады.

Ол деректермен жұмыс істей алады, технологияларды түсінеді, стратегиялық ойлайды, қоғаммен тиімді диалог жүргізеді және ұзақмерзімді нәтижеге бағытталған шешім қабылдайды.

Дәл осындай басқарушылар ғана технологиялық өзгерістер дәуірінде Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады.

Академияның бүгінгі басты міндеті – өзгерістерге ілесетін емес, сол өзгерістердің бастамашысы болатын мамандарды даярлау. Менің ойымша, Қазақстанның болашағы дәл осындай мемлекеттік қызметшілердің қолында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемқызмет #мемқызметкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Бүгін 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Бүгін 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Бүгін 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Бүгін 16:48

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді

Бүгін 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);