AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Айгүл Сәдуақасова: «Тәуелсіздікті әрбір азамат нақ...

Айгүл Сәдуақасова: «Тәуелсіздікті әрбір азамат нақты істерімен нығайтуы қажет»

Алматы Бүгін 11:14 50
Айгүл Сәдуақасова: «Тәуелсіздікті әрбір азамат нақты істерімен нығайтуы қажет»

Алматыда Республика күніне орай ғылыми-практикалық конференция өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның тарихи маңызы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңдері және ел болашағын дамытудағы жас ұрпақтың рөлі талқыланды.

Конференция 21 қазанда Алматыдағы Достық үйінде өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты.

Жиынның ашылуында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов құттықтау сөз сөйледі. Бұдан кейін ғалымдар, саясаттанушылар мен сарапшылар баяндама жасап, Қазақстанның егемендікке жетуіне негіз болған тарихи алғышарттарға, тәуелсіздіктің негізгі қағидаттары мен оның бүгінгі Қазақстан үшін маңызына тоқталды.

Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова тәуелсіздік - тарихи жетістік қана емес, әрбір азаматқа үлкен жауапкершілік жүктейтін құндылық екенін атап өтті.

«Егемендікке қол жеткізу - Қазақстанның алдында зор мүмкіндіктер ашқан аса маңызды саяси оқиға. Алайда тәуелсіздікті сақтау және нығайту да одан кем маңызды емес. Ол үшін тәуелсіздіктің қадірі туралы айтып қана қою жеткіліксіз. Әрбір азамат елдің дамуына нақты ісімен, қосқан үлесімен атсалысуы керек», - деді Айгүл Сәдуақасова.

Сарапшы конференцияның маңызды тұстарының бірі әр буын өкілдерінің өзара пікір алмасуы болғанын айтты. Жиынға қатысушылар Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне қатысты тарихи оқиғалар жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті. Ал жастар аға буын өкілдерімен жүздесіп, елдің өткені мен болашағына қатысты мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

«Бүгін мазмұнды баяндамалар тыңдалып, қызу пікір алмасу болды. Әсіресе, аға буын өкілдерінің өз естеліктері мен көзқарастарын жастармен бөліскені маңызды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың еліміздің жүріп өткен жолын тереңірек түсінуіне және тәуелсіздікті сақтаудың қаншалықты маңызды екенін ұғынуына көмектеседі», - деп атап өтті ол.

Айгүл Сәдуақасова халық бірлігі, ғылым мен білімнің дамуы, инновацияларды өркендету ел тәуелсіздігін нығайтуда айрықша рөл атқаратынын да атап өтті. Оның пікірінше, жастар тәуелсіздіктің қадірін түсініп қана қоймай, өз білімдері мен кәсіби біліктіліктерін ел игілігіне жаратып, Қазақстанның дамуына белсенді үлес қосуы қажет.

Сөз соңында сарапшы қазақстандықтарды келе жатқан Республика күнімен құттықтап, жас ұрпақ ел болашағына деген шынайы жауапкершілікті сезініп өседі деген сенімін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ мен Су ресурстары министрлігі әріптестікті арттырады

Бүгін 11:29

Асқар Жұмаділдаев: «Біздің міндетіміз – егемендікті нығайтып, елді дамыту»

Бүгін 11:17

Жомарт Симтиков: «Жастар - тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі»

Бүгін 11:12

Алуа Ибраева: «Декларация құқықтық мемлекет пен ел заңнамасының негізін қалады»

Бүгін 11:11

Алматыда Республика күніне орай мың жас флешмобқа қатысты

Бүгін 10:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);